Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төмен табыс жүкті әйелдің жағдайына қаншалықты әсер етеді: сарапшылар жауабы

Опубликовано:

Жүкті әйел
Жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамандардың пайымдауынша, ел бойынша ең төменгі жалақы деңгейінің көтерілуі аз қамтылған отбасындағы аналардың денсаулығына оң әсерін тигізеді. Тіпті жалақының 1 долларға өсуі кейбір денсаулық сақтау қызметтерін қолжетімді ете алады, деп хабарлайды Bloomberg.

JAMA Network Open медициналық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, АҚШ-тағы ең төменгі жалақы мөлшері жоғары болған жүкті әйелдер жиі өздерінің медициналық төлемдерін өтей алған. Негізі медициналық көмек пен оның қымбаттылығы көптеген американдық отбасы үшін үлкен стресс, сондықтан кейбіреулер тіпті балалы болуды белгісіз мерзімге кейінге қалдыруды жөн көреді.

Соңғы 20 жылда АҚШ-та жүкті әйелдердің өлімі екі еседен астам өскен. Материалдық жағдайы жоғары азаматтар табысы төмен әйелдердің қиындықтарынан жиі беймәлім.

Мысалы, егер отбасы үшін пәтер жалдау ақысын төлеу қиынға соқса және арзанырақ баспанаға көшуге мәжбүр болса, жүкті әйел қосымша физикалық және психологиялық стресске ұшырайды. Бұл мерзімінен бұрын босану қаупін, шала туылған нәрестенің пайда болу қаупін, сондай-ақ босанғаннан кейінгі ауыр депрессияның даму қаупін туындатуы мүмкін.

Зерттеуді дайындауға көмектескен Ратгерс қоғамдық денсаулық мектебінің ассистенті Слава Рокицки АҚШ-тағы ана денсаулығы туралы мәселе ұлттық деңгейдегі өзекті проблема екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029414-tomen-tabys-zukti-aieldin-zagdaiyna-qansalyqty-aser-etedi-sarapsylar-zauaby/

pixel