Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарға мүлік салығын төлеу керектігін еске салды

Опубликовано:

Ноутбуктың алдында ақша есептеп отырған әйел
Ноутбуктың алдында ақша есептеп отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде меншік иелері тиісті салықты төлеуге міндетті. Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығы 2023 жылғы 1 қазанға дейін кешіктірілмей төленуге тиіс екенін еске салды. Бұл туралы ведомсвоның ресми сайтында хабарланды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың мүлiк салығының сомасы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жыл сайын салық салу мақсатында айқындайтын объектiлерiнiң құнына байланысты есептеледi.

"Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Салықты есептеу кезінде жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық ставкасы қолданылады", - делінген хабарламада.

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберіледі.

Сонымен қатар салық органдарымен есептелген салық сомасы туралы хабарламалар электрондық тәсілмен салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз түрінде - тапсырыс хатпен пошта арқылы, сондай-ақ ЕРЦ, АЛСЕКО және тағы басқа коммуналдық қызметтердің түбіртек-хабарламаларымен жолданады.

Бұдан басқа "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.

"Екінші деңгейдегі банктерден push-хабарламалар түскен жағдайда мүлік салығының алдағы сомаларын, МКК есептелген салық сомаларының дұрыстығын "e-salyq Azamat" мобильді қосымшасында "Электрондық сервистер" → "ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, "Kaspi.kz" мобильді қосымшасында "Төлемдер" → "Айыппұл, салық" → "Салық" → "Мүлік және көлік салығы" сілтемелері арқылы тексеруге болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029557-memlekettik-kirister-komiteti-turgyndarga-mulik-salygyn-toleu-kerektigin-eske-saldy/

pixel