Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рекордтық көрсеткіш: маусым айында 2 жарым миллион қазақстандық кредит алған

Опубликовано:

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2023 жылдың маусым айында Қазақстандағы жеке тұлғаларға берілген несие мөлшері 1,2 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы Data Hub Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жеке тұлғаларға берілген жалпы кредит көлемі – 1,2 триллион теңге. Бұл – тарихи көрсеткіш.

Кепілсіз несиелер көлемі – 800 миллиард теңге. Бұл да рекорд.

Ал автокредиттер көлемі 130 миллиард теңгеден асты. Мұндай жағдай бұрын болмаған.

Бір ай ішінде 2,5 миллион адам жаңа несие рәсімдеді. Бұдан көп жағдай 2022 жылдың қарашасында ғана тіркелген.

Жақсы жаңалықтарға келетін болсақ, ипотекалық қарыздың орташа көлемі төмендеді. Маусымда бұл көрсеткіш 15,4 миллион теңгені құрады. Бұл биылдыққа тіркелген ең төменгі көрсеткіш", - делінген ресми Telegram арнада.

Кепілсіз несиелеудегі рекордты көрсеткіштерге ірі қарыз алушылар себеп болған.

Ал автонесиелеудегі рекордты көрсеткіштер берілетін кредит мөлшерінің өсуімен байланысты. Бір айда 16,6 мың автозайм тіркелген. Бұл 2022 жылдың маусым айымен салыстырғанда 3,5 мың адамға артық.

Жеке тұлғаларға арналған жалпы несиелеуде қоржынның 17 триллион теңгеге дейін өскенін ұмытпау керек. Қазір қазақстандықтардың барлық типтегі қаржылық ұйымдар алдындағы қарызы 17 триллионды құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029901-rekordtyq-korsetkis-mausym-aiynda-2-zarym-million-qazaqstandyq-kredit-algan/

pixel