Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы Қазақстанда қандай шартпен ипотека рәсімдеуге болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кейбір қазақстандықтар үшін ипотека - жеке баспана сатып алудың бірден-бір жолы. "Крыша" порталы тұрғын үй несиесін қандай шарттармен алуға болатыны туралы ақпаратты назарға ұсынды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қазір жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуінен жеке баспана сатып алу мүмкіндігі кез келген қазақстандыққа қолжетімді емес. Бұған дейін азаматтардың 20,5 пайызында ғана өз қаражатына үй сатып алу мүмкіндігі бар екені белгілі болды.

Ел тұрғындарының басым бөлігі пәтер сатып алу үшін банктен тұрғын үй несиесін рәсімдеуге мәжбүр. Бірақ 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ипотека қандай шарттармен беріледі деген сұрақ туындайды.

Бүгінде қазақстандық банктер қандай шарттармен ипотека береді

Ипотека көптеген банкте берілуі мүмкін және әр банкте қарыз алушыларға ұсынылатын шарттары әр түрлі. Айта кетейік, сарапшылар халықтың жекелеген санаттары үшін қолжетімді жеңілдетілген бағдарламаларды емес, тек нарықтық бағдарламаларды қарастырған.

Сараптама жүргізу үшін қарыз алушының кірісі расталған және 20-30 миллион теңгеге пәтер сатып алу мақсатында банкте берілетін ең жоғарғы мерзімді несие қарастырылды. Бұл ретте әр түрлі жалақы жобалары сараптамаға енгізілген жоқ.

Осылайша несие берудің ең жоғары мерзімін (20 жыл) Altyn Bank, Freedom Bank, Halyk Bank және "Нұрбанк" ұсынатыны анықталды. Ал Forte Bank пен "Банк ЦентрКредит" несиені 15 жылға береді екен.

Бұл ретте ең төменгі бастапқы жарнаны (15 пайыз) Forte Bank ұсынады, "Нұрбанкте" ипотекаға өтініш беру үшін кем дегенде 30 пайыз қажет, ал қалған банктердегі бастапқы жарна 20 пайызды құрайды.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) әрбір банкке байланысты 17,2 пайыздан 21,6 пайызға дейін өзгереді. Мұндай пайызбен ипотека алған кезде артық төлем мөлшері пәтердің құнынан асып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн.

Сонымен қатар сарапшылардың пайымдауынша, ипотекалық несие берумен айналысатын барлық банкке жүгінудің қажеті жоқ. Олардың кейбірі қазір не ипотека беру бағдарламаларын тоқтатқан, не тек "7-20-25" бағдарламасы аясында жұмыс істейді:

  • Bereke Bank-те ипотекалық бағдарламалар уақытша тоқтатылды;
  • Jusan – ипотека берілмейді, тек қайта қаржыландыру қарастырылған;
  • Home Credit – ипотека берілмейді;
  • RBK Bank – ипотека беруді уақытша тоқтатқан, тек "7-20-25" бағдарламасы арқылы жұмыс істейді;
  • Еуразиялық банк – тек қайта қаржыландыру және жалақы жобаларына қатысушылар үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша береді;
  • Al Hilal Ислам банкінде ипотека беру тоқтатылды.

Сондай-ақ Қазақстанда "Отбасы банк" тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі жұмыс істейтінін ескерген жөн. Ол өзін-өзі сақтайды және оның шарттары коммерциялық ипотекалық бағдарламалардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Бұл банкте тиімді шарттарға қол жеткізу үшін қазақстандықтар ипотека алғанға дейін кем дегенде үш жыл депозитте ақша жинауы керек. Есепшотта сатып алу құнының кем дегенде 50 пайызы жиналған жағдайда 3,5-5 жылдық пайызбен несие алуға болады.

Бірақ бұл банкте аралық несиелер кең қолданыста, бұл жағдайда адам тұрғын үй құнының 50 пайызын әкеліп, қалған соманы несиеден алады. Бірақ мұндай несиенің ерекшелігі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) банк берген 50 пайыз несиеден емес, тұрғын үйдің барлық құнынан алынады.

Сондай-ақ клиент несие алғанға дейін ақшасын депозитте кем дегенде 3 ай сақтауы керек.

Сонымен қатар сарапшылар кейбір банктердің базалық мөлшерлемесі әлі төмендемей, 16,75 пайыз деңгейінде қалып отырғанына қарамастан, несие беру шарттарын біртіндеп жеңілдете бастағанын атап өтті. Олар бастапқы жарнаның мөлшерін азайтып, мерзімін ұлғайтты.

Дегенмен ипотека алуға шешім қабылдаған қазақстандықтар қосымша шығындарға дайын болуы керек. Кейбір банктер ипотеканы беру кезінде комиссия алады: өтінішті қарау үшін – орта есеппен 10 мың теңге төлеу керек, сондай-ақ несиені рәсімдеу үшін – несие сомасының 2 пайызына дейін төлеу қажет. Оған қоса комиссиясыз несиелендіру мүмкіндігі бар, бірақ оның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 1,5-2 пайызға жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029997-2023-zyly-qazaqstanda-qandai-sartpen-ipoteka-rasimdeuge-bolady/