Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең қымбат және ең арзан пәтерлер Қазақстанның қай қалаларында

Опубликовано:

Көпқабатты үй
Тұрғын үй. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздегі тұрғын үйдің әр өңірдегі бағасында айтарлықтай айырмашылық бар. Осы орайда Крыша порталының сарапшылары Қазақстанның қай қалаларында ең қымбат және ең арзан пәтерлер сатылатынын анықтап көрген.

Порталдың 16-17 мамырдағы деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы пәтерлердің орташа бағасы 19,3 миллион теңгені құрайды. Орташа есеппен бір бөлмелі пәтер – 13,2 миллион теңге, екі бөлмелі пәтер – 19 миллион теңге, үш бөлмелі пәтер – 25,6 миллион теңге тұрады.

Алайда аймаққа байланысты бұл бағалар айтарлықтай құбылауы мүмкін. Мәселен, ең қымбат пәтерлер еліміздің үш мегаполисінде.

Тұрғын үй құны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Мұндағы бір бөлмелі пәтер орташа есеппен – 23,5 миллион теңге, екі бөлмелі пәтер – 35 миллион теңге, үш бөлмелі пәтер – 43 миллион теңге тұрады. Астанада мұндай жылжымайтын мүліктің құны тиісінше 18 млн, 27 млн және 38 млн теңгені құрайды. Ал Шымкентте 15,5 млн теңге мен 29 млн теңге аралығында.

Сарапшылардың мәліметінше, ең арзан баспана Қызылордада сатылуда. Мұнда бір бөлмелі пәтерді орташа есеппен 7 млн ​​теңгеге, екі бөлмелі пәтерді 12 млн теңгеге, үш бөлмелі пәтерді 15,5 млн теңгеге сатып алуға болады.

Баспана бағасы ең төмен қалалардың үштігіне Тараз бен Талдықорған да кірген. Таразда бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы 9,8 млн теңге, екі бөлмелі пәтердікі 14,5 млн теңге үш бөлмелі пәтердің құны 21 млн теңге. Ал Талдықорғанда пәтер бағасы 11,2 млн теңгедан басталып 21 млн теңге дейін барады.

Қалған 13 қала рейтингтің ортасында. Бұл қалаларда бір бөлмелі пәтерді орташа есеппен 12 миллион теңгеден 14,5 миллион теңгеге дейін, екі бөлмелі пәтерді 16 млн теңгеден 21 млн теңгеге дейін, үш бөлмелі пәтерді 21 млн теңгеден 26,5 млн теңгеге дейінгі бағада сатып алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2021153-en-qymbat-zane-en-arzan-paterler-qazaqstannyn-qai-qalalarynda/