Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі 25 жылдың ішінде рекорд жаңартты

Опубликовано:

Банкадағы ақша
Банкадағы ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде банктер депозит мөлшерлемесін өсіруді жалғастыруда. Data Hub сарапшыларының пікірінше, қазір орташа сыйақы мөлшерлемесі соңғы 25 жылдың ішінде ең жоғары деңгейге жетті.

Жоғары инфляция кезінде банктік депозит қаражатты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі болуы мүмкін. Бұған дейін қазақстандық банктер өз салымшыларына қандай шарттар ұсынатыны туралы айтқан болатын – кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлеме мүмкіндігінше жоғарғы деңгейге жетуі ықтимал.

Алайда банктер мұнымен шектелмей, депозит бойынша шарттарды тиімді етуін жалғастыруда. Мәселен, егер мамыр айында жеке тұлғалардың депозиті бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,9 пайыз болса, маусым айында ол 14 пайызға дейін өскен.

Сарапшылардың айтуынша, депозиттің мөлшерлемесі 25 жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейге жетпеген. Яғни, соңғы рет депозитке ақша салу 1996 жылдың желтоқсанында ғана тиімді болған. Ол кезде оның орташа нарықтық мөлшерлемесі 16,7 пайызды құраған.

Депозит қарапайым қазақстандықтар үшін ғана емес, заңды тұлғалар үшін де тиімді болып келе жатыр. Бүгінде банктер заңды тұлғаларға 14,6 пайыз жылдық мөлшерлемемен депозит ұсынады. Соңғы 25 жылда бұл көрсеткіш 2015-2016 жылы қысқа мерзімге ғана жоғарылаған болатын.

Айта кетейік, бүгінде тек теңгелік депозиттер емес, сонымен қатар шетел валютасында ашылған депозиттер де тиімді. Бұл ретте банктер бизнес шарттарын айтарлықтай жақсартқан. Маусым айында заңды тұлғаларға арналған депозиттік мөлшерлеме орташа есеппен 1,7 пайызды (мамырда – 1,1 пайызды) құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызды құраған болатын.

Сондай-ақ бүгінде жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме 18,3 пайызға дейін жетуі мүмкін екенін еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2030635-qazaqstanda-depozit-molserlemesi-25-zyldyn-isinde-rekord-zanartty/

pixel