Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдан бастап банктер салық органдарына қазақстандықтардың қандай деректерін береді

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстандық банктер жеке кәсіпкерлердің кейбір дерегін салық органдарына бере бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитететі кейбір кәсіпкерлер жеке шоттарына тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алатынын атап өтті.

"Алайда бұл аударымдар бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды", - деп ескертеді комитет.

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізетіні айтылған.

"2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады", - делінген хабарламада.

Осы ретте ведомство жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аудартады.

Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2030729-2024-zyldan-bastap-bankter-salyq-organdaryna-qazaqstandyqtardyn-qandai-derekterin-beredi/

pixel