Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жалдамалы пәтерде техника істен шықса, оны жөндеу ақысын кім төлеуге тиіс

Жарияланған күні:

Үйдің макеті және кілт
Үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Адам жалдамалы пәтерде тұру шешімін қабылдағанда, барлық қаржылық жауапкершілікті мойнына алады. Бұл ретте пәтер жалдаушылар істен шыққан кез келген техниканы жөндеу үшін үнемі ақы төлеуге міндетті ме? Жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда жалдамалы пәтерлердің ақысы әлі күнге дейін жоғары, бұл азаматтардың отбасылық бюджетіне қаржылық жүктемені арттырады.

Сондықтан пәтер жалдаушылар кейде бұзылған кір жуғыш машинаның, теледидардың, кондиционердің және т.б. тұрмыстық техниканың жөндеу жұмыстары үшін ақы төлей алмауы мүмкін. Krisha.kz мұндай жағдайдың алдын алу үшін тұрғындарға пәтерде тұру шарттары туралы оны жалға берушімен алдын ала келісіп алуға кеңес береді.

Бұл ретте кейде жабдықтардың бұзылуына пәтер жалдаушылар кінәлі болмайды.

Жауапкершілік мәселесі

Тұрғын үй мен мүліктің жай-күйі үшін пәтер жалдаушылар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын алдын ала анықтау қажет. Ол үшін келісімшартпен мұқият танысқан жөн.

"Егер пәтер жиһазбен және тұрмыстық техникамен бірге жалға берілсе, онда әдетте келісімшарт бойынша (егер қосымша ережесі жазылмаса) жалға беруші пәтерді жұмысқа жарамды тұрмыстық техникасымен бірге қайтаруға міндетті. Егер жалға беруші су құбырында, тұрмыстық техникада, электр сымдарында ақауы бар тұрғын үйді жалға берсе, онда бұл жасалған келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға негіз бола алады", – деп ескертеді дереккөз.

Бұл ретте құжаттың өзінде кейбір кілтипандарды ескеру маңызды.

Мысалы, пәтер жалдаушыларға тұрғын үйді беру кезінде қабылдау-тапсыру актісін тіркеу қажет, онда пәтерде бар тұрмыстық техниканың нақты тізімі көрсетілуге тиіс.

Онда мүліктің барлық түрі мен олардың саны көрсетілуі керек, сондай-ақ тұрғын үйдегі бұрыннан бар залал туралы (жазбаша немесе суретке түсіру арқылы) хабарлауға болады.

Қабылдау-тапсыру актісіндегі тұрмыстық техника туралы тізімнің үлгісі:

  • микротолқынды пеш, бренд - 1 дана, 2025 жылға дейін кепілдік бар;
  • теледидар, бренд, диагональ - 1 дана, экранның жоғарғы сол жағындағы сызат және т.б.

Сондай-ақ үйдегі құрылғылардың дұрыс жұмыс істейтінін жеке тексеру маңызды.

Жабдықтар сынып қалса, кім төлеуге тиіс

"Сонымен, егер пәтер жалдау туралы келісімшартта басқаша келісілген болмаса, жабдықты жалға алу мерзімі өткенге дейін барлық жауапкершілік пәтер жалдаушының мойнына жүктеледі. Яғни, егер бірдеңе бұзылып қалса, жалдаушылар жөндеуге, төлеуге міндетті. Дегенмен мұнда кілтипан бар", – деп жазады Krisha.kz.

Мүліктің бұзылуына кім кінәлі екенін анықтау үшін, пәтер жалдаушылар мүліктің иесіне оның сынып қалғаны туралы айтып, хабардар ету керек және қызмет көрсету орталықтарына қоңырау шалуы қажет. Мамандар ақаулықтың себебі туралы жазбаша қорытынды береді.

Бұл ретте екі таңдау болуы мүмкін:

  • жабдық электр қуатының көтерілуінен, көршілердің су басуынан немесе т.б. төтенше жағдайға байланысты істен шықса, пәтер жалдаушы кінәлі емес, ал жабдықты жөндеу ақысын тұрғын үйді жалға беруші төлейді;
  • ақаулық механикалық әсерден, дұрыс қолданбаудан немесе қасақана зақымданудан туындаса, пәтер жалдаушы жауапты және ол келтірілген шығынды өз бетінше өтеуге тиіс.

Сонымен қатар тұрғын үйді жалдау кезінде әдетте үй иесіне белгілі бір сома (сақтандыру депозиті) қалдырылады, кейін жабдық сынып қалған жағдайда мүліктің иесі пәтер жалдаушының ақысына жөндеу шығындарын өтей алады.

Басқаша айтқанда, егер тұрғын үйді жалдау келісімшарты егжей-тегжейлі жасалған болса, ол мәміленің екі жағын да қорғап, олардың жауапкершілігін анықтайды және оларды артық қаржылық шығыннан сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2031616-qazaqstanda-zaldamaly-paterde-texnika-isten-syqsa-ony-zondeu-aqysyn-kim-toleuge-tiis/