Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана қайтадан арзандай бастады

Опубликовано:

Баспана іздеу
Ойыншық үйлерді лупамен қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама нарықтарындағы бағалар қайтадан төмендей бастады. Еліміздің әр түрлі қалаларында олардың құны бір ай мен бір жылда қаншалықты өзгергенін NUR.KZ тілшісі анықтап көрді.

Үш ай бұрын Қазақстанда тұрғын үй бағасының төмендеп жатқаны байқалды, бұл 2022 жылғы рекордтық өсімнен кейін қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық болды.

Мамыр айының нәтижесінде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы бір орында тұралап қалды, ал маусымда абаттандырылған тұрғын үйлердің орташа қайта сату құны төмендеп, соның аясында жаңа үйлердегі пәтерлер біршама қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының жаңа есебіне сәйкес шілде айында жаңа және қайталама нарықтағы үйлер қайтадан арзандай бастады. Біріншісі бойынша баға елде орта есеппен 0,1%-ға, ал екіншісінің бағасы бір айда 1,7%-ға төмендеді.

Жаңа ғимараттардағы пәтерлердің бағасы қалай өзгерді

Жаңа пәтерлерді сатудың орташа құны ең көп төмендеген өңір — Павлодар (2,2%-ға). Одан кейінгі орындарға Қостанай (1,7%-ға), Көкшетау (0,9%-ға) және Алматы (0,6%-ға) жайғасқан.

Ал Оралда (2,7%-ға), Ақтөбеде (1,9%-ға) және Шымкентте (0,1%-ға) баға, керісінше өсті. Қалған облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда баға өзгеріссіз қалды.

Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлер 4,3%-ға қымбаттады. Оның орташа құны шілдеде шаршы метріне 486 246 теңгені құрады.

Қайталама нарықтағы үйлер қаншалықты арзандады

Шілдеде абаттандырылған тұрғын үйді қайта сатудың орташа бағасы төмендеген қалалар — Астана (3,4%-ға), Алматы (1,5%-ға), Көкшетау (1,3%-ға), Қостанай (1%-ға) және Өскемен (0,5%-ға).

Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа құны тек Павлодарда (0,7%-ға), Семейде (0,5%-ға), Шымкентте (0,4%-ға) және Ақтөбеде (0,1%-ға) ғана өсті.

Бір жыл ішінде аталған санаттағы мүліктердің бағасы республика бойынша 0,7%-ға түсті, нәтижесінде оның мөлшері бір шаршы метріне орташа есеппен 494 433 теңгені құрады.

Жалға берілетін баспананың бағасы қалай өзгерді

Жылжымайтын мүлікті жалға беру бір айда, керісінше аздап қымбаттады – 1,9%-ға. Өсім тек екі облыс орталығы мен еліміздің екі мегаполисінде байқалды: Қарағанды (3,9%-ға), Алматы (3,1%-ға), Петропавл (0,6%-ға) және Шымкент (0,1%-ға). Басқа өңірлерде тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы өзгерген жоқ.

Ал бір жыл ішінде жалға берілетін мүліктің құны республика бойынша орта есеппен бір шаршы метріне 4721 теңгеге дейін жетіп, 28,6%-ға өсті.

Еске салсақ, бұған дейін біз 2023 жылы Қазақстанда қандай шартпен ипотека рәсімдеуге болатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2031842-elimizde-baspana-qaitadan-arzandai-bastady/

pixel