Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 2024 жылдан бастап АЕК пен жалақының ең төменгі мөлшері қалай өзгереді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде "2024 –2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жасалды. Құжатта Қазақстанда қолданылатын кейбір есептік көрсеткіштердің мөлшерін қайта қарауды ұсынады. Заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  1. жалақының ең төмен мөлшерi – 70 000 теңге;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;
  3. зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
  4. айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
  5. базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болып белгiленбек.

Бұл ретте құжатта жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға көтерілетіні жазылған.

Одан бөлек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленеді.

Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бір айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033243-elimizde-2024-zyldan-bastap-aek-pen-zalaqynyn-en-tomengi-molseri-qalai-ozgeredi/

pixel