Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе: мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Опубликовано:

Ноутбуктың алдында ақша есептеп отырған әйел
Ақша есептеп отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе? Тұрғындардан жиі келіп түсіп жатқан сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында жауап берді.

Ведомство мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК "Апта сауалы" айдарын іске қосқан. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болған.

"Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе? ", - деп сұрақ қойған тұрғындар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ.

"Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

Комитет мәліметінше, салықтың төленгенін немесе төлеу керек салықтың сомасын білудің мынадай жолдары бар:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы "Электрондық қызметтер" бөлімінде "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" қосымша бетінде тексеруге болады;
  • e-Salyg Azamat қосымшасында (App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алу) "Электрондық қызметтер" бөлімінде "ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі" арқылы тексеруге мүмкіндік бар;
  • E-gov порталында немесе eGov mobile мобильді қосымшасында "Салық салу" бөлімінде "Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" бөлімінде тексеруге болады;
  • банктік қосымшалар арқылы (Төлемдер/Алдағы салықтарды төлеу) тексеруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033367-mulik-salygyn-ekinsi-ret-toleu-qazet-pe-memlekettik-kirister-komiteti-zauap-berdi/

pixel