Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда БЖЗҚ-дан ұлғайтылған зейнетақы төлемдерін алуға кімнің құқы бар

Опубликовано:

Зейнетақы
Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) төлемдері зейнетақы жинақтарының жарты пайызынан астамын құрайды. Бірақ кейбір азаматтар олардың мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Есептеу әдістемесімен KAZ.NUR.KZ журналистері танысты.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы қалай есептеледі

БЖЗҚ-да жинақталған қаражат есебінен жасалатын зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыға қосымша төленеді және бөлек есептеледі.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, зейнетақы тағайындалғаннан кейінгі бірінші жылы зейнеткер өзінің жинақталған жалпы сомасының 6,5%-ын алуға тиіс. Бұл айына шамамен 0,54%-ды құрайды. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемі 5%-ға артуға тиіс.

Мәселен, зейнеткерлік жасқа жеткен салымшы 6 млн теңге жинады делік. Бұл ретте оның ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторының есебі бойынша бірінші жылы 34 085,20 теңгені құрайды.

Ал келесі жылы ол шамамен 35 789,46 теңгеге дейін өсіп, зейнетақы шотындағы жинақталған қаражат таусылғанша төленеді. Айта кетейік, олар инвестициялық табыс есебінен өсе береді.

Кімнің зейнетақы төлемдері ұлғайтылуы мүмкін

БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес, кемінде бес жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген салымшылар үшін зейнетақы төлемдерін ұлғайту көзделген. Яғни, бұл төлемдерді зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлер ала алады.

Бұл негізінен өнеркәсіп және өндіріс саласының мамандары. Тізімге, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері, көлік қызметкерлері, балет әртістері және т.б. кіреді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін мұндай салымшыларға зейнетақы төлемдерін бір жарым есеге жуық өсіру мүмкіндігі қарастырылған. Дәлірек айтқанда, зейнетақы төлемінің мөлшері жоғарыда сипатталған жолмен 1,45 түзету коэффициентіне көбейтілуі керек.

Мысалы, БЖЗҚ шотында кемінде бес жыл зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен салымшы 6 миллион теңге жинады делік. Түзету коэффициентін ескере отырып, бірінші жылы оның ай сайынғы зейнетақы төлемдері 49 423,54 теңгеге тең болады. Келер жылы олар да 5 пайызға өсіп, жинаған қаражаты таусылғанша төленеді.

Әмияндағы тиындар
Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мүмкіндігі шектеулі жандардың төлемдері қаншаға өседі

Мерзімі шектелмеген бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтардың зейнетақы төлемдері де жоғарыда аталған қағида бойынша ұлғайтылады.

Еске салайық, оларды 18 жастан асқан БЖЗҚ салымшылары ала алады. Мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері стандартты әдіс бойынша анықталады және жасына сәйкес коэффициентке көбейтіледі.

18 бен 63 жас аралығындағы бірінші топтағы мүгедектер үшін, сәйкесінше 0,74-тен 1,69-ға дейін, ал екінші топтағылар үшін 0,59-дан 1,27-ге дейін.

Мысалы, БЖЗҚ салымшысына 50 жасында мүгедектіктің екінші тобы мерзімсіз белгіленіп, ол зейнетақы төлемдерін ресімдеуге шешім қабылдады делік. Осы уақытқа дейін ол 6 миллион теңге жинады. Аталған жас пен мүгедектік тобы үшін түзету коэффициенті 1,12 құрайды. Нәтижесінде ай сайынғы төлем 38 175,42 теңге болса, одан кейінгі жылдары ол да 5 пайызға артуға тиіс.

Егер көп ақша жиналмаған болса

Бұл ретте, барлық алушы үшін ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтыдығын еске саламыз және де тиісті қаржы жылына белгіленген сома бойынша есептеледі. Биыл бұл сома 28 396,9 теңгені құрайды.

Яғни, егер аз сома есептелген болса, онда алушыға мүмкін болатын ең төменгі сома тағайындалады. Ал егер өтініш берген күні жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, онда ол БЖЗҚ-дан бірден төленеді. 2023 жылы ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгеге тең.

Демек, егер салымшы ағымдағы жылы төлем жасау құқығы басталған кезде 636 912 теңге және одан аз қаражат жинаса, онда бұл ақша оған бірден беріледі, ал зейнетақы төлемдері бұдан әрі зейнетақы төлемдері жүргізілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033481-qazaqstanda-bzzq-dan-ulgaitylgan-zeinetaqy-tolemderin-aluga-kimnin-quqy-bar/

pixel