2024 жылы зейнетақы қорынан алуға болатын шекті сома қалай өзгереді
Жарияланған күні:
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында 2024 жылы БЖЗҚ-дан алуға болатын шекті сома қалай өзгеретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, елімізде айлық есептік көрсеткіш өседі.
"Қазір 1 АЕК 3450 теңгеге тең. Бірақ АЕК-тің өзгеретінін ескерсек, ереже өзгереді. (БЖЗҚ жеткілікті шегі - ред.) аздап жоғары болатын шығар", - деді ол.
Оның сөзінше, Оның айтуынша, бюджет процесіндегі АЕК әділ көрсеткіш, өйткені ол экономикада болып жатқан инфляциялық процестерді ескереді.
"АЕК өскен сайын ол әлеуметтік шығындарға, жәрдемақыға, соның ішінде азаматтардың БЖЗҚ-дан алуына рұқсат берілген сомасына да әсер етеді", - деді Қаржы министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033490-2024-zyly-zeinetaqy-qorynan-aluga-bolatyn-sekti-soma-qalai-ozgeredi/