Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған әйел
Ақша ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыздан 16,5 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді.

"Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк дегенмен, экономика ішінде кеңейіп келе жатқан фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуі жағынан проинфляциялық қысым сақталып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Ұлттық банк жанар-жағармай құнын өсіруден орын алған жанама әсер байыпты көрініс алып отырғанын, бұл теңге бағамы динамикасының ішінара өтелуімен байланысты екенін айта кетті.

"Осылайша сыртқы факторлар тарапынан қысымның біршама әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы әлсіз дезинфляциялық аймақта қалып отыр. Нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады. Төмендету мүмкіндігі екінші жартыжылдықта фискалдық ынталандырудың ықтималды жеделдеу тәуекелдерімен шектелуде", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033956-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-1675-paiyzdan-165-paiyzga-deiin-tomendetti/

pixel