Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді қазақстандықтар өз атынан несие мен шағын несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған ер адам
Ноутбук алдында отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Енді әрбір қазақстандық өз атынан несие мен шағын несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ресми сайтында.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, бұл қызметке өтінішті азаматтың өзі ғана бере алады.

Несие мен шағын несиені рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзім біткен соң тыйым автоматты түрде алып тасталады.

Сондай-ақ бұл шектеуді кез келген уақытта жоюға болады. Ол үшін қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру керек.

"Біз Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп, несиелер алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Осы арқылы біз ел азаматтарына заңсыз несие алуға тырысатын көптеген алаяқтан қорғануына көмектескіміз келеді", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының "Азаматтарға" - "Кеден және салықтар" - "Экономика және қаржы" бөлімінен алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2034728-endi-qazaqstandyqtar-oz-atynan-nesie-men-sagyn-nesie-rasimdeuge-erikti-turde-tyiym-sala-alady/