Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өсті

Опубликовано:

Қағаз ақша және тиын
Қағаз ақша және тиын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі елімізде 1-қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өскенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Министрлік мәліметінше, биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланғанын атап өтті. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

"Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50 пайызға өседі, 2024 жылы 100 пайызға дейін жеткізіледі", - деп хабардар етті ведомство.

Ведомство мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылғанын, сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2035099-elimizde-kolledz-studentterinin-stipendiyasy-50-paiyzga-osti/

pixel