Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық банктердің басшыларының табысы қанша

Опубликовано:

Қалтасында ақшасы бар ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Банк секторыНДА экономиканың басқа салаларынан қарағанда орташа жалақысы жоғары. Қазақстандық банк басшыларының табысы қанша? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2023 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 365 мың теңгеден асты.

Дегенмен Қазақстанда орташа номиналды жалақы мөлшері бірнеше есе жоғары болатын экономикалық қызмет түрлері бар. Соның бірі – қаржы және сақтандыру саласы. Мұнда бұл көрсеткіш айына 713 мың теңгені құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен шамамен екі есе көп.

Бұл ретте қазақстандық банктердің басшылығы әлдеқайда көп жалақы алатынын ескеру қажет. Finance.kz Telegram арнасының сарапшылары банк секторындағы акционерлік қоғамдардың 2022 жылғы есебін талдап, банктер кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы көлемін анықтады.

Сарапшылардың мәліметінше, сыйақының ең көп мөлшері ForteBank басшылығына тиесілі. Жалпы 2022 жылы басқарманың 8 мүшесі 4,6 млрд теңгеден астам қаражат алған. Басқарушылардың әрқайсысы орта есеппен айына 48,48 млн теңге алған.

Bank RBK болса сыйақы мөлшері бойынша екінші орынға ие. 2022 жылы банк басқармасының 4 мүшесі 1,5 млрд теңгеге жуық табыс тапқан. Бір басшының орташа айлық табысы шамамен 31,7 миллион теңгені құрады.

Үшінші орынды Altyn Bank иеленді. Өткен жылы банк басқармасының 5 мүшесі жалпы 1,35 млрд теңгеге жуық табыс тапқан. Орта есеппен әрбір басшыға айына шамамен 22,6 миллион теңге келеді.

Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері ең аз банк – "Нұрбанк". 2022 жылдың қорытындысы бойынша олар барлығы 119,6 миллион теңге табыс тапқан – басқарманың әрбір мүшесіне төленген орташа айлық көлемі 1,66 миллион теңгені құрады.

Бұл ретте Kaspi Bank және Kaspi.kz акционерлік қоғамдары әр түрлі мәлімдемелер жариялаған. Бірінші мәлімдемеге сай, 2022 жылдың соңында 3 басқарма мүшесіне төленген жалпы сыйақы мөлшері 214 миллион теңгеден асады – айына бір адамға орта есеппен 5,9 миллион теңге төленген. Екінші мәлімдемеге сәйкес, көрсеткіш сәл аздау – басқарманың 4 мүшесі жылына 82,1 миллион теңге табыс тапқан, яғни бір адамға төленген жалақы көлемі айына 1,7 миллион теңгеден сәл артық болған.

Айта кетейік, бұл сомаға еңбекақы, сыйақы, бонус және т.б. материалдық ынталандыру түрлері кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2035376-qazaqstandyq-bankterdin-bassylarynyn-tabysy-qansa/

pixel