Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге өседі: бұл қанша қазақстандыққа әсер етеді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Бұл өзгеріс қанша қазақстандыққа әсер етеді? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады.

Ең бірінші кезекте ЕТЖ-ның өсуі "жалақысы төмен" жұмыскерлерге әсер етеді. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, сондай-ақ разряд аралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтынын атап өтті.

Осының нәтижесінде барлық салада әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы өседі.

Сондай-ақ Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 2 жылдан бері жыл сайын өсіп жатқанын ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2035476-en-tomengi-zalaqy-molseri-85-myn-tengege-osedi-bul-qansa-qazaqstandyqqa-aser-etedi/

pixel