Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ коммерциялық мақсаттарға ғимараттарды жалға ұсынады

Опубликовано:

Мүлік жалға беріледі
Фото: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі

Өз өндірісіңді дамыта түсу үшін жер телімі ғана емес, дайын инфрақұрылым да қажет. Бұл ретте дайын жайларды жалға алу да тиісті шешім бола алады.

"АрселорМиттал" компаниясы Қазақстан аумағында 20 жылдан астам уақыт бойы қызметін жүзеге асырып келеді. Ол жаһандық металлургия және тау-кен өнеркәсібі саласындағы көшбасшылардың бірі: кәсіпорында 222 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді, сонымен бірге әлемнің 60 елінде өкілдіктері бар.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті өкілдерінің айтуынша, компания Қарағандының орталық бөлігінде орналасқан кешенді жайлары бар нысандарды қазақстандықтарға жалға ұсынып отыр.

Мүлік жалға беріледі
Фото: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі

Аумағы 30 300 ш. м. нысан

Жалға берілгелі отырған кешендердің бірі - Аманжолов көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша (Қарағанды, Қазыбек би ауданы), қаланың Орталық мәдениет және демалыс паркіне жақын маңда орналасқан нысан.

Мүлік жалға беріледі
Фото: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі

Аталған нысан аумағы 30 300 ш.м. болатын жер телімі болып саналады. Аталған аумақта төрт ғимараттан тұратын кешен бар:

  • Екі қабатты үш нысан;
  • Биіктігі төрт қабат болатын бір ғимарат.

Жалға ұсынылып отырған нысанның шығыс жағында үлкен көлі бар қала паркі, ал батысында – Аманжолов көшесі орналасқан. Кешен аумағына Аманжолов атындағы саябақ жақтан кіруге болады (оңтүстікте).

Аумағы кішірек нысанды жалға беру

Кәсіпкерлерге жалға берілуі мүмкін екінші нысан – Қарағанды қаласы, Алиханов 35/2 көшесі бойынша орналасқан кешен.

Маңында қаладағы Медициналық университет пен өзге де білім беру мекемелері, мекемелер, тұрғын үйлер, сонымен бірге көңіл көтеретін орталықтар бар. Сондай-ақ бір аттам жерде Қарағанды қаласы әкімінің аппараты орналасқан.

Мүлік жалға беріледі
Фото: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі

Жалға алушыларға келесі нысандарды қамтитын кешен ұсынылады:

  • аумағы 6 400 ш. м. болатын жер телімі.
  • Алиханов көшесінен кіруге болатын төрт қабатты коммерциялық ғимарат.

Аталған екі нысанның да орналасқан жері ыңғайлы және түрлі коммерциялық мақсатта пайдалануға болады.

Нысандар бойынша толық ақпаратты алу үшін (ғимараттың техникалық паспорты, фотосы және т.б.) компания өкілдерімен мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 (7213) 96 01 04.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2035871-arselormittal-temirtau-aq-kommerciyalyq-maqsattarga-gimarattardy-zalga-usynady/

pixel