284 мың теңге: қазақстандықтардың соңғы үш айдағы орташа жалақысы белгілі болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда жан басына шаққандағы ақшалай табыс екінші тоқсанда небәрі 283 647 теңгені құрады. Елімізде кіріс орташа жалақыдан неліктен аз, оның қалай есептелгені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан толық біле аласыз.
2023 жылдың екінші тоқсанында алғашқы айында орташа жалақы айына 365 мың теңгеден асты. Бұл сомаға барлық жәрдемақы, қосымша төлем кірді. Айта кету керек, оны есептеу кезінде ұсталған жарналар есепке алынбаған. Орта есеппен жұмысшылар айтарлықтай аз жалақы алады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың екінші тоқсанындағы үш айда небәрі 283 647 теңгені құрады.
Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылдың екінші тоқсанында кедейлік деңгейі айтарлықтай өскенін жаздық.
Неліктен елімізде табыс көрсетілген орташа жалақыдан төмен?
Орташа жалақы мен орташа табыс арасындағы айырмашылық өте үлкен. Тоқсандық көрсеткішті үш айға бөлсе, бірден байқалады. Қазақстандықтардың орташа айлық табысы 2023 жылдың екінші тоқсанында небәрі 94 549 теңгені құрады, яғни елдегі орташа жалақыдан 4 есе аз.
Бұл айырмашылық есептеу әдісімен анықталады. Орташа жалақы барлық жұмысшы арасында есептеледі, ал жан басына шаққандағы ақшалай кірісті есептеу кезінде Қазақстанның барлық тұрғыны, соның ішінде зейнеткерлер, балалар және жұмыссыздар есепке алынады. Сондықтан жалпы сома шартты түрде шығады.
Қазақстандықтарға ақшалай табыс қайдан келеді?
Ел тұрғындарының басым бөлігінің табысы, яғни 74,6 пайыз халықтың кірісі - жалақы. Сонымен қатар жалдамалы жұмыстан түскен табыс 65,2 пайызды құраса, жалдамалы емес жұмыстан 9,4 пайыз ғана кіріс кірген.
Зейнетақы табыс құрылымының 17,3 пайызын құрады. Жәрдемақы 3,8 пайыз, шәкіртақы 0,4 пайыз, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатындардың үлесі - 0,1 пайыз.
Сарапшылар тұрғындарға басқа табыс көзінен түскен кірісті де атап өтті. Атап айтқанда, тұрғындардың достары мен туыстарының материалдық көмегі, оның ішінде алимент төлемдері жалпы табыстың 1,9 пайызын құрайды. Шамамен халықтың 0,5 пайызы мүліктен түскен кірістер және 1,4 пайыз басқа да ақшалай түсімдер арқылы табыс табады.
Айта кету керек, аймаққа байланысты жалпы көрсеткіш айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мысалы, Алматы қаласында жылжымайтын мүліктен түскен табыс табатындардың үлесі, яғни 1,7 пайызды құраған.
Маңғыстау облысының халқы жалдамалы жұмыстан түскен табыспен (81,7 пайыз) ерекшеленеді. Ал Астана тұрғындарының яғни, 4,8 пайызы көбінесе туыстарынан материалдық көмек алады.
Бұл ретте Жетісу облысы, сондай-ақ Қызылорда және Қостанай облыстарында 0,2 пайыз халық атаулы әлеуметтік көмек алатыны белгілі болды.
Осылайша қазақстандықтардың негізгі табыс көзі еңбек қызметі екенін атап өтуге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2036994-284-myn-tenge-qazaqstandyqtardyn-songy-us-aidagy-ortasa-zalaqysy-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.