Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар енді кредит төлемін азайта алады

Опубликовано:

Несиенің аз мөлшері
Фото: Bereke bank

Bereke Bank кредит түрін ұсынады, ол бойынша сыйақы мөлшерлемесі төлем мерзімінің ортасында төмендетіледі, ал бұл ай сайынғы төлемді автоматты түрде азайтады. Кредит тұтынушылық мақсатқа немесе басқа да қарыздарды қайта қаржыландыруға беріледі.

Шарттары өте тиімді, 8 миллион теңгеге дейін 7 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге нарықтағы ең төменгі пайыздық мөлшерлемелердің бірі 8%-дан бастап беріледі (СЖТМ 8,38%-дан бастап). Халық үшін тұтынушылық мақсатқа немесе кез келген банкте бұрыннан бар тұтынушылық кредитті қайта қаржыландыруға берілетін кредит. Қарызды бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады, ал өтінімді B-Bank мобильді қосымшасында, berekebank.kz сайтында немесе дәстүрлі түрде Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне барып бересіз.

Тұтынушылық кредиттер сұранысқа ие, себебі қажетті соманың жиналғанын күтпестен (не болмаса, бұл аралықта керек тауарыңыздың бағасы өсіп кетуі мүмкін), өзіңізге қажет тауарды немесе қызметті сатып ала аласыз. Кредит алған кезде оның түпкі мақсатына ғана емес, сонымен қатар артық төлемдерсіз және отбасылық бюджетке қосымша салмақ түсірмейтіндей түрлеріне де назар аударған абзал. Bereke Bank ұсынып отырған өнім арқылы қалаған затыңызды, техниканы сатып алу, демалысты, жөндеу жұмыстарын жоспарлау немесе кредитті қайта қаржыландыру мүмкіндігіне ие боласыз әрі ол комиссиясыз және кепілсіз беріледі.

Bereke Bank өз клиенттеріне жоғары сапалы қызмет көрсету, тиімді шарттар ұсыну, сапалы қаржылық қызметтердің, өнімдер мен сервистердің кең спектрін ұсыну арқылы қолайлы жағдай тудырып отыр. Банк өз қызметін клиенттердің мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрады.

Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылдың маусым айында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді, бұл берілген баға Қазақстанның банк нарығында ең жоғары рейтингтердің бірі болып саналады. «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акциясы «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі.

Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан алуға болады: 5030 нөмірі (жеке тұлғалара үшін) және 7744 нөмірі (заңды тұлғалар үшін), Қазақстан аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

*Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 20.09.2022 ж. № 1.2.199/93/31 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2037433-qazaqstandyqtar-endi-kredit-tolemin-azaita-alady/

pixel