Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық 257 кәсіпкерге шағын несие берілді

Опубликовано:

Кәсіпкерлерге шағын несие беру
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кәсіп бастауға ниетті қызылордалық жастар үшін 1 млрд 285 млн теңге қарастырылған. Атаулы қаржы аясында 2,5 пайызбен 257 адамға несие берілу жоспарланған. Қазір өтініш білдірген жастар бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, құжаттары агрокредиттік корпорацияға жолданды.

Айта кетуіміз керек, республика бойынша Алматы, Астана, Түркістан қалаларынан кейін Қызылорда облысы ең көп қаржы қаралған өңірлер легіне жайғасқан. Бөлінген қаржы мамыр-шілде айларында игерілді. Өңір жастарының сұранысы жоспарлағаннан көп болғандықтан бүгінгі күні ҚР Еңбек және хылықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, қосымша қаралған.

Қазір агрокредиттік корпорация арқылы несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген ереже аясында бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы қызылордалықтар қатыса алады. Егер жеке кәсіпкер болған жағдайда, кәсіпкерлігінің тіркелген уақыты 5 жылға дейін болуы тиіс.

Облысымыздың жас тұрғындары несие алу үшін тиісті құжаттарын несиелендірудің сенімді өкілі ретінде танылған - Аграрлық несие корпорациясына жүгіне алады. Несиенің негізгі шарттары да қарапайым.

  • Микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін.
  • Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін.
  • Шағын несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгені құрайды.
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыз болып бекітілген.
  • Кепілмен қамтамасыз етудің болуы шарт.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең несиелендіру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер тапсыру керек.

Шарттар шеңберінде өтініш білдірсеңіз, АКК-я құжаттардың түгелділігі мен мазмұнын тексеру 3 жұмыс күнге созылады. Ал АКК құжаттар сәйкес келмеген жағдайда нақты себептері көрсетіліп, кері қайтарылады. Құжаттары талапқа сәйкес келген өтінімдерге 10 күн ішінде бағалау жүргізіледі. Нәтижесін 3 жұмыс күні ішінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына жолдалады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы комиссияның жұмысшы органы ретінде бекітілген.

Жоғарыда сөз өткен кезеңдерден мүдірмей өткен жағдайда өтінішіңіз хаттамалық сипатта рәсімделеді. Комиссияның жұмысшы органы, яғни жергілікті жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жергілікті атқарушы орган хаттамалық шешімді АКК-ға несие алушымен келісімшартқа отыруға және қаржы аударуға жолдайды. Әрі қарай несие алушы жұмыспен қамту жөніндегі жұмыспен қамту органымен және АКК-мен несие алу шартына және кепіл шартына қол қояды. Кепіл шарты тиісті органда тіркеуден өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде АКК-мен несие қаржысы өтініміне сәйкес аударылады.

Кәсіпкерлерге шағын несие беру
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Комиссия құрамы да аса сақтықпен таңдалып алынған. Әділдіктің ақ туын берік ұстанған мүшелері үздік идея иесін анықтауда жауапкершілік танытады. Өтініш берген үміткер бизнес-жобасын комиссия отырысында қорғайды.

Сонымен қатар конкурс шешімінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына тәуелсіз байқаушылар тартылады. Олардың сабында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялардың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдіре бар.

Атаулы бастаманың игілігін көріп отырған сырбойылықтар бар. Мәселен, Қызылорда қаласының тұрғыны, Құдасов Айберген "Жастарға шағын несие беру" бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен 5 жылға несие алып, жиһаз бөлшектерін сататын дүкен ашқан. Бүгінгі күні өзінен бөлек 10 адамды тұрақты жұмысқа тартқан.

Сондай-ақ "UMIRBEK" ЖК басшысы Өмірбек Асхат та төмен пайызбен 5 жылға несие рәсімдеген. Ол кәріз құдықтарын өндіру бағытындағы бизнесін одан әрі дамыту үшін құрал-жабдықтарды сатып алған. Қазіргі күні кәсібінде 3 адам жұмыс істейді. Аталған кейіпкерлер секілді өз кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар жетерлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2037729-qyzylordalyq-257-kasipkerge-sagyn-nesie-berildi/

pixel