Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа 2 ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Опубликовано:

Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның екі өңірінде жастарға арналған ипотека іске қосылады. Несиені Павлодар облысы мен Ақсу қаласының тұрғындары рәсімдей алады, деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Арна мәліметінше, қазір Отбасы банкпен келісім жасалған.

Ипотекалық бағдарлама үшін басты талаптар:

  • Қарыз алушының жасы 35-тен аспауы керек;
  • Соңғы 5 жылда меншігінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт;
  • Жұмыс өтілі 6 айдан кем болмауы тиіс;
  • Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Қызмет ететін салаға қатысты да шектеулер бар. Оны әр әкімдік өзі белгілейді.
  • Ал несие мөлшерлемесі 5 пайыздан басталады.
  • Бастапқы жарна – 10 пайыз.
  • Қарыз 20 млн теңгеге дейін беріледі.
  • Оны 19 жылға дейін бөліп төлеуге болады.

Арна мәліметінше, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 98 млрд теңге бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2037813-qazaqstanda-zana-2-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady/

pixel