Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табысы жоғары адамдар көбірек төлейді: елімізде прогрессивті салық түрін енгізу жоспарлануда

Опубликовано:

ақша есептеп отырған адам
Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратынша, прогрессивті салық түрі Қазақстанда 2006 жылға дейін болған. Бүгінде бұл жүйені қайта қабылдау жоспарлануда. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Салық кодексіне реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялады.

Құжатта Салық кодексіндегі жеке табыс салығының мөлшерлемесін (ЖТС) қайта қарау мәселесі қарастырылған және т.б. кейбір өзгерістерді енгізу жоспарланған.

Осылайша прогрессивті шкаладан "тегіс" 10 пайыздық мөлшерлемеге көшу 2007 жылы "конверттерде" жалақы беру үлесін төмендету мақсатында жүргізілген болатын. Ал бұған дейін (2006 жылға дейін) 5 пайыздан 20 пайызға дейін салық мөлшерлемелері бар ЖТС салудың 4 сатылы прогрессивті шкаласы қолданылған.

Жаңа салық қалай жұмыс істейтін болады?

Құжатта ЖТС-ның "тегіс" мөлшерлемесін 29 ел қолданатыны, қалған елдер, соның ішінде ЭЫДҰ елдері прогрессивті шкаланы қолданатыны жазылған.

Мұндай салық салу тәртібі табысы көбірек жеке тұлғаларға да қатысты болғандықтан, бұл "әлеуметтік әділетсіздікті" туындатады.

"Прогрессивті салық шкаласының мақсаты – жоғары жалақы алатын жұмысшылардың елдің дамуына көбірек үлес қосуында", – делінген консультативтік құжатта.

Бұл ретте 2020 жылғы міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу жөніндегі мәліметтер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:

  • 6 041 761 адамда не жұмыспен қамтылған халықтың 99,88 пайызында, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерде жалақысы 2 млн теңгеге дейін жетеді;
  • ал 2 млн теңгеден астам жалақыны тек 7 376 адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 0,12 пайызы алады.

Осылайша "аса үлкен табыс" шегі айына 2 миллион теңге болуы мүмкін. Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігінде табыс мөлшері тіпті 160 мың теңгеден төмен.

Басқа елдерде прогрессивті салық түрі қандай?

"Черный лебедь, рак и щука" Telegram-арнасының мәліметінше, прогрессивті салық салу жүйесі көптеген елде қолданылады, бірақ әрқайсының ерекшеліктері бар.

Мысалы, Францияда жылдық жиынтық табыс белгіленген шектен – 10 мың еуродан аз болса, онда салық салынбайды – бұл жылына шамамен 5 млн теңге немесе биылғы жылдың бағамы бойынша айына 422,8 мың теңге.

Бұл ретте жеке адамның емес, бүкіл отбасының табысы есепке алынады.

Салық салынатын жағдайда мөлшерлемелері мынадай:

  • Адамның жылдық табысы 10 мыңнан 26 мың еуроға дейін (жылына 13,1 млн теңгеге дейін немесе айына 1,09 млн теңгеге дейін) болса – 11 пайыз салық салынады;
  • Кіріс көлемі 26 мыңнан 74 мың еуроға дейін (жылына 37,6 млн теңгеге немесе айына 3,13 млн теңгеге дейін) болса – салық мөлшерлемесі 30 пайызды құрайды;
  • Табыс мөлшері 74 мыңнан 160 мың еуроға дейін (жылына 81,2 млн теңгеге немесе айына 6,76 млн теңгеге дейін) болса – салық мөлшерлемесі 41 пайызды құрайды;
  • Жеке тұлға 160 мың еуродан жоғары табыс (жылына 81,2 млн теңгеден астам) тапса – оған 45 пайыз салық салынады.

Германияда салық мөлшері 14 пайыздан 45 пайызға дейін. Ал салық салу үшін ең төменгі шегі франциялықтардың көрсеткіштеріне ұқсас: жылына 9 408 еуро (шамамен 4,8 миллион теңге).

"Бірақ бұл жерде де ерекшеліктер бар: Германияда салық салудың 6 сатысы бар, соған байланысты жеке тұлғалардың ай сайын төлейтін табыс салығының мөлшері анықталады. Салық салу сатысы төлеушінің бір жылда салық салынбаған ең төменгі кірісін анықтауға бағытталған", – делінген хабарламада.

Салық сатысы отбасылық жағдайға, балаларының болуына, жұмысының көптігіне және ерлі-зайыпты арасындағы табыс айырмашылығына байланысты беріледі.

Басқаша айтқанда, прогрессивті салық шкаласы әл-ауқаты жоғары халық бөлігіне қосымша жүкті арттыруға бағытталған. Дегенмен оны әр түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады.

Қазақстанда ұсынылған консультативтік құжат жобасы 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2037929-tabysy-zogary-adamdar-kobirek-toleidi-elimizde-progressivti-salyq-turin-engizu-zosparlanuda/

pixel