Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда несие мөлшерлемесі күрт өсті

Опубликовано:

Банктік карта ұстап отырған әйел
Банктік карта ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда тамыз айында қарапайым азаматтар үшін несие мөлшерлемелері айтарлықтай өскен және орташа есеппен 20,2 пайызды құрап отыр. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2022 жылы Қазақстанда ұлттық валютадағы несиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,2 пайыздан 18,3 пайыз аралығында құбылған еді. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік ететін елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болған.

Дегенмен 2023 жылы нарық бойынша пайыздық мөлшерлемелер одан бетер өскен. Ұлттық банк ресми сайтының мәліметінше, тамыз айында банктердің жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берген несиесінің орташа мөлшерлемесі 20,2 пайызды құраған. Бұл 2016 жылмен салыстырар болсақ, ең жоғары көрсеткіш. Шілдеде небәрі 16,8 пайызды құраған ол, бір айда 3,4 пайыздық тармаққа өскен.

Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстандағы несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі Ұлттық банк белгілеген базалық мөлшерлемеге байланысты. Ол соңғы үш жылда тұрақты түрде өсіп келе жатқан еді, тек бір ай бұрын соңғы жылдарда алғаш рет – 16,75 пайыздан 16,5 пайызға төмендеген.

Теорияға сәйкес, базалық мөлшерлеменің төмендеуі несиелердің құнына да әсер етуі керек. Бұл теңгедегі депозиттерге де байланысты болуға тиіс. Алайда қазақстандық екінші деңгейлі банктер әзірге бұл көрсеткіштердің төмендеуіне қатысты әрекет етіп үлгермеген көрінеді.

Сондай-ақ Ұлттық банк ресми сайтының ақпаратынша, тамыз айында депозиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің көрсеткіші өзгеріссіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038110-qazaqstanda-nesie-molserlemesi-kurt-osti/