Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозит ашқан қазақстандықтардың саны біртіндеп көбейіп жатыр

Опубликовано:

Тиындар
Тиындар. Көрнекі фото: pixabay.com

Тамыз айының соңында жеке тұлғалардың банктік депозиттерінің жалпы көлемі 18,1 трлн теңгеден асты. Қазақстандықтарға ақшаны қандай валютада сақтаған жөн. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айының соңында қазақстандықтар депозиттерінде 18,1 трлн теңгеден астам ақша жинаған. Бір айда қаражат көлемі 0,23 пайызға немесе 41,3 млн теңгеге өсті.

Қазақстандықтар 12,8 триллион теңгеге жуық ақшаны ұлттық валютада сақтайды, ал шетелдік валютада сақталған депозиттегі қаражат мөлшері небәрі 5,3 трлн теңгені құрайды. Айта кетейік, долларда сақталған депозит үлесі біртіндеп азайып келе жатыр.

Депозит – әлі күнге дейін тиімді салым түрі

Бұдан бөлек, Ұлттық банк биылғы жылдың 25 тамызында базалық мөлшерлемені төмендеткеннің өзінде қазақстандықтар үшін банктік салымдардың өзектілігі өшкен жоқ. Кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) да депозиттердің кей түрінің шекті мөлшерлемесін төмендеткен.

Дегенмен Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың теңгеде сақталған депозиттері бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі қатарынан үш ай 13,9 пайыз деңгейінде қалып тұр.

Бұл көрсеткіш биылғы жылдың тамыз айындағы инфляциядан (13,1 пайыз) жоғары. Яғни бұл депозит мөлшері елдегі инфляция деңгейінен жоғары екенін және қаражатын депозитте сақтайтын қазақстандықтарға сәл де болсын табыс әкелетінін білдіреді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл халық арасында банктік депозитке деген сұраныстың айтарлықтай өсуіне септігін тигізген басты себептердің бірі. Салымшылар пайыздық мөлшерлеме жоғары болған кезде жинағын депозитте сақтауға, көбейтуге әуес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038136-depozit-asqan-qazaqstandyqtardyn-sany-birtindep-kobeiip-zatyr/

pixel