Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теңгенің құлдырауы қандай тәуекелдер тудыруы мүмкін

Опубликовано:

Әр елдің валюталары
Әр елдің валюталары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық валютаның құлдырауы тауарлардың, қызметтердің, жанар-жағармайдың, тіпті коммуналдық қызметтердің бағасына әсер етеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляция деңгейі күрт жоғарылаған жағдайда елді не күтіп тұрғанын болжады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда АҚШ долларының бағамы 1 қыркүйектен бастап 459 теңгеден 479 теңгеге дейін өскен, бұл қазақстандық валютаның айтарлықтай әлсірегенін білдіреді. Бұл көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың 9 қазанында байқалған еді.

Десе де теңгеге әсер ететін сыртқы факторлар қолайлы күйде деуге болады – мысалы, бұған дейін рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 4,42 теңгеге дейін күрт төмендеген болатын, ал мұнай (Brent) қымбаттап, барреліне 92,6 долларды құраған.

Tengenomika Telegram-арнасының мәліметінше, теңге бағамының әлсіреуі инфляцияның өсуіне әкеп соқтыратын факторға айналуы мүмкін.

Теңгенің құлдырауы қандай тәуекелдер тудыруы мүмкін

Сарапшылардың пікірінше, теңгенің әлсіреуі қазақстандықтарға кері әсерін тигізеді – валюта бағамының ауысуынан импорттық тауарлардың бағасы да өзгереді.

Яғни шетелдік азық-түлік пен т.б. тауарлар қымбат болады. Тиісінше, импорттаушылар табыс табу үшін тауардың түпкілікті бағасынан бөлек қосымша шығындалуға мәжбүр болады.

"Бұл жанар-жағармай материалдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және маусымдық факторлар сияқты т.б. инфляцияның өсуіне себеп болатын факторларды қоса алғанда, жылдық инфляция мен соңғы айларда біршама тез өскен айлық инфляцияның төмендетуіне кедергі келтіруі ықтимал", – дейді сарапшылар.

Неліктен теңге құлдырап жатыр

Tengenomika Telegram-арнасының дерегінше, теңге доллар индексінің көтерілмеуі және мұнайдың қымбаттауы сияқты ішкі факторлардан құлдырауы ықтимал.

"Дегенмен біз ұлттық валюта ішкі факторлардан, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың биржадағы "ішкі" сатылымдарының қысқаруынан құлдырай бастағанына сенімдіміз.

Сондай-ақ биылғы жылы ішкі нарықтағы сұраныс пен импорттың өсуі екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) ұсынатын шетел валютасының қосымша сұранысқа ие болуына әсер ететінін естен шығармаған жөн.

Ал ЕДБ KASE биржасындағы негізгі ойыншылардың бірі болып саналады", – дейді сарапшылар.

Яғни теңге әлсіресе, импорттық азық-түлік пен т.б. тауарлар қымбаттауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038295-qazaqstanda-tengenin-quldyrauy-qandai-tauekelder-tudyruy-mumkin/

pixel