Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар бағамы 482 теңгеден асты

Жарияланған күні:

Теңге мен доллар
Теңге мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 27 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы шамамен 6 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осылайша, дәл қазір Қазақстандағы америкалық валютаның құны 482,77 теңгені құрап отыр. Алдыңғы саудадан бері доллар 5,72 теңгеге қымбаттады.

NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы парақшасына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер енді долларды келесі бағамен саудалап жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 477,5-481 теңге, сату – 483-484,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 477,5-480,5 теңге, сату – 483-484,5 теңге.

Сонымен қатар қазақстандық айырбастаушыларда, Kurs.kz мәліметі бойынша, долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу-481-481,3 теңге, сату-483-484 теңге;
  • Астанада: сатып алу-476-479 теңге, сату-484 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038399-qazaqstanda-dollar-bagamy-482-tengeden-asty/