Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді
Жарияланған күні:
Елімізде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 477,57 теңгені құрап отыр. Кешеден бері АҚШ валютасы 4,67 теңгеге арзандаған.
NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Алматыда: сатып алу – 470,7-474,5 теңге, сату – 476,7-477,5 теңге;
- Астанада: сатып алу – 470,7-473,5 теңге, сату – 476,7-477,5 теңге.
Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Алматыда: сатып алу – 473,5-474 теңге, сату – 476,3-476,5 теңге;
- Астанада: сатып алу – 468-474 теңге, сату – 477-479 теңге.
Айта кетейік, кеше, 27 қыркүйекте қор биржасындағы кешкі сессияда доллар 6 теңгеге дейін қымбаттаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038592-qazaqstan-qor-birzasynda-dollar-bagamy-kurt-tomendedi/