Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді

Жарияланған күні:

Теңге және Ақш доллары
Теңге және АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 477,57 теңгені құрап отыр. Кешеден бері АҚШ валютасы 4,67 теңгеге арзандаған.

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Алматыда: сатып алу – 470,7-474,5 теңге, сату – 476,7-477,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 470,7-473,5 теңге, сату – 476,7-477,5 теңге.

Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Алматыда: сатып алу – 473,5-474 теңге, сату – 476,3-476,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 468-474 теңге, сату – 477-479 теңге.

Айта кетейік, кеше, 27 қыркүйекте қор биржасындағы кешкі сессияда доллар 6 теңгеге дейін қымбаттаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038592-qazaqstan-qor-birzasynda-dollar-bagamy-kurt-tomendedi/