Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,15 млрд доллардан астам қаржыны неге сатты

Опубликовано:

АҚШ доллары
АҚШ доллары. Көрнекі фото: pixabay.com

Қыркүйек айында Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда көлемі 3,4 млрд долларды құрады. Бұл соманың үштен бірі Ұлттық қордан алынды. Оның қайда кеткенін Ұлттық банк мәлім етті.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Осы соманың бір бөлігі (шамамен 1,115 млрд доллар) Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударымдарды қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сатудан түсті, бұл KASE-тегі жалпы сауда көлемінің шамамен 34 пайызын құрады, бірақ тәулігіне 55 млн доллардан аспайды.

"Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, Ұлттық Банк қыркүйек айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін қыркүйекте биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 6 пайызын құрады. Сондай-ақ Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту шеңберінде шамамен 60 млн АҚШ доллар.

Ұлттық банк хабарлағандай, қыркүйекте тікелей валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ.

Ведомство ағымдағы айға арналған жоспарларымен де бөлісті. Ұлттық Банктің алдын ала жоспарына сүйенсек, қазан айында қажетті трансферттер сомасы бойынша Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде Ұлттық қордан 1,5 млрд-тан 1,6 млрд АҚШ долларына дейін валюта сатуды көздейді. Қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу – 100 млн-нан 150 млнАҚШ долларына дейін, ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу – 50 млн-нан 70 млн АҚШ долларына дейін болады деп күтілуде.

Бұл ретте Ұлттық банк қыркүйек айының соңында ұлттық валюта бағамы 3,4 пайызға төмендеп, бір доллар үшін 474,99 теңгені құрағанын атап өтті. 2 қазандағы жағдай бойынша америкалық валюта 474,47 теңге тұрады.

Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.

Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2039119-ulttyq-bank-ulttyq-qordan-115-mlrd-dollardan-astam-qarzyny-nege-satty/

pixel