Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақшаны доллармен және теңгемен сақтаудың тиімді жолы қандай

Опубликовано:

Валюталар
Валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда доллармен сақталған депозит мөлшерлемесі тек 1 пайызды құрайды. Сондықтан депозит пайда әкелмеген жағдайда қазақстандықтар одан да тиімді қаржы құралдарын іздей бастайды. Солардың бірі - сақтандыру өнімдері болуы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда банк таратылған жағдайда теңгемен және шетел валютасымен сақталатын депозиттер мемлекет тарапынан қорғалады. Дегенмен доллар не еуромен сақталған депозиттің ұлттық валютамен сақталған депозиттен қарағанда пайыздық мөлшерлемесі төмен – жылына небәрі 1 пайызды құрайды.

Бұл ретте қазақстандықтар жинағын сақтап қалу үшін АҚШ долларын сатып алуды жөн көреді. Бірақ оны жай ғана сақтаса, қаражаты құнсыздануын тоқтатпайды.

Сондай-ақ қазақстандықтың жинағына инфляция әсер етпеуі үшін ол ақшасын Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде (МБЖ) сақтай алады – бұл балалардың болашақ оқуына қаражат жинауға көмектесуі мүмкін тиімді құрал.

Шетелдік валютамен ақшаны жинаудың тиімді жолы қандай

Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Толықбаевтың айтуынша, МБЖ – бұл кез келген ата-ана үшін баласының Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары білім алуын қамтамасыз ету бойынша тиімді мүмкіндік. МБЖ көмегімен қазақстандықтар балаларының оқуына қаражат жинай алады.

"Бағдарлама енді іске қосылған кезде оған тек бірнеше екінші деңгейлі банк қатысқан болатын, ал қазіргі таңда енгізілген түзетулерге сәйкес, қазақстандықтар өмірді сақтандыру компанияларының қызметтерін де ала алады. Мұндай компаниялар қаражат жинау бойынша әлдеқайда кең мүмкіндіктер ұсынады", – деп атап өтті маман.

Бұл құрал қазақстандықтарға мынадай мүмкіндіктер ұсына алады:

  • теңгемен жасалған инвестицияның кірісі – бастапқы мөлшерлеменің деңгейіне қарамастан, қаражат жинаудың барлық мерзімі кезінде 8 пайызға дейін жетеді;
  • мемлекеттік сыйақы мөлшері – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қосымша 5 пайызға ұлғаяды, ал халық санатының басым бөлігіне (жетімдерге, мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға) берілетін ЖТСМ мөлшері 7 пайызды құрайды;
  • АҚШ долларымен сақталған инвестициялық кіріс мөлшері – 4,1 пайызға дейін жетеді;
  • өмірді сақтандыру қызметі – ата-анасынан айырылған немесе олар еңбек ету қабiлетiнен айырылып, I, II топтағы мүгедектiгі бар екені туралы анықтамасы берілген жағдайда жарналар мөлшеріне қарамастан бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге арналған шарт бойынша балаға барлық сома төленедi;
  • қаржылық кепілдік – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры толық жиналған соманы өтейді, ал депозит бойынша берілетін кепілдік мөлшері шектелген – 20 млн теңгеден аспайды.

Сондай-ақ өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын аталған құралдың тағы бір ерекшелігі – келісімшартты жасау кезінде түлектің ҰБТ ұпайына қарамастан, университет пен мамандықты өз бетінше таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

"Сонымен қатар егер түлек білім алу грантына ие болса, жиналған қаражаттың барлығын өз қалауы бойынша пайдалануға құқығы бар: магистратурада оқуын жалғастыру, жиналған қаражатты ағасына/қарындасына/туысқанына аудару, және т.б. қажеттіліктеріне байланысты жұмсауына болады", - дейді сарапшы.

Осылайша қазақстандықтар ақшаны теңгемен ғана емес, АҚШ долларымен де тиімді сақтай алады. Сондай-ақ олар түрлі оқыс жағдайлардан сақтану мүмкіндігіне ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2039629-qazaqstanda-aqsany-dollarmen-zane-tengemen-saqtaudyn-tiimdi-zoly-qandai/

pixel