Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда газға қосылу жалғасуда

Опубликовано:

Газ құбыры
Фото: pixabay.com

Биыл Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласының Бекболатсай мен Қостанкелді елдімекендеріне газ берілді. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігі хабарлады.

2021 жылы алғашқы болып қала іргесіндегі Талап ауылы мен Пристанционный ауылы тұрғындарының көгілдір отынға қолдары жеткен болатын. Былтыр Қабанбай батыр елдімекені газға қосылды.

Жезқазған қаласы бойынша жобаның жалпы құны 14,5 млрд теңгені құрайды. Қаламен жалғасқан Бекболатсай және Қостанкелді елдімекені бойынша 111 абонентке техникалық шарт берілген. Бүгінгі таңда олардың 31-і табиғи газға қосылған.

Көгілдір отынның игілігін көріп үлгерген тұрғындардың бірі – Бекболатсай елдімекеніндегі ақын Тайжан көшесінің тұрғысы Иманбек Нұрсейітов.

Бекболатсай ауылының тұрғыны Иманбек Нұрсейітов
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

«Үлкен отбасы болғандықтан, жер үйде тұрғанды жөн санап, он жыл бұрын осында көшіп келдік. Орталық жылу желісіне қосылғанымызбен, үйіміз салқын болды. Жылу жеткіліксіздігінен пеш жағып күнелттік. Жылда тонналап көмір сатып алатынбыз. Содан бері жеті жыл пеш жағыппыз. Биыл үйімізге газ құбырын тарттық. Үй іші бір мезетте жылып сала берді. Жылу мөлшерін өзіміз реттеп отырамыз. Кішкентай немерелерім бар. Солар тоңып қалмаса екен деп уайымдайтынбыз. Газ орнатып, үйіміз жылып, көңілімізде бірленді, – дейді ол.

Жалпы қала бойынша 43,4 шақырым газ құбыры тартылып, 219 абонент газ желісіне қосылған.

Қаланы газдандыру жұмыстары жеті кезең бойынша 2026 жылға дейін жүзеге асады. Газдандыру жұмыстары осы қарқынмен жүргізілетін болса, Жезқазған қаласының орталығындағы көп пәтерлі үйлердегі жылу мөлшері де артатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2040033-zezqazganda-gazga-qosylu-zalgasuda/

pixel