Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш қадам жасау арқылы ЖК үшін қалай кепілсіз кредит алуға болады

Жарияланған күні:

ЖК үшін онлайн кредит
Фото: Bereke Bank

Bereke Bank жеке кәсіпкерлерге онлайн-кредитті қайта беруді бастағанын қуанышпен хабарлайды. Енді шағын және микробизнес иелері B-Business мобильді қосымшасы арқылы 3 жылға 5 млн теңгеге дейін онлайн-кредит ресімдей алады.

Қаржыландыру нарықта кемінде 12 ай қызмет істеп жүрген шағын және микробизнес сегментіндегі жасы 25-тен 60-қа дейінгі жеке кәсіпкерлерге арналған. Бұл кредиттік қаражат бизнеске көптеген мүмкіндік беруге, яғни оны қолдауға және дамытуға бағытталған.

Bereke Bank-тен ЖК үшін кепілсіз кредиттің негізгі артықшылықтары:

  • кредит сомасы: 5 000 000 теңгеге дейін;
  • кредит мерзімі: 36 айға дейін;
  • кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия жоқ;
  • кредитті мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл жоқ;
  • кірісті растаудың қажеті жоқ;
  • банк шешімді жедел қабылдайды;
  • кредитті банк бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн алу.

Кредитті ресімдеу үшін клиентке бар болғаны үш қадам жасау керек:

1-қадам. B-business мобильді қосымшасын жүктеу және ЭСҚ шығару;

2-қадам. Кредитке өтінім беру;

3-қадам. Банктік қарыз шартына қол қойып, ағымдағы шотқа ақша алу.

Bereke Bank клиенттері үшін кредит алудың ең ыңғайлы, қарапайым және жылдам әдісін жасады. Банк үшін әрбір клиент маңызды! Сондықтан Bereke Bank клиенттің өмірін жақсартатын инновациялармен жұмыс істейді.

Сұрақтар туындаған кезде, сондай-ақ қосымша кеңес алу үшін 7744 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласу қажет.

*Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.

*Серіктес материалы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2040543-us-qadam-zasau-arqyly-zk-usin-qalai-kepilsiz-kredit-aluga-bolady/