Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7-20-25 ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Опубликовано:

Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде екінші деңгейлі банктің бірі 7-20-25 бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастаған. Ипотекалық несиені кімдер ала алады? Бұл жайлы "Қазақстанның орнықтылық қорының" сыртқы байланыстар бойынша бас менеджері Айбар Олжаев айтып берді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

"7-20-25 бағдарламасына 2023 жылы 100 млрд теңге қаржыландыру лимиті бекітілген. Банктерге 25 млрд теңгеден әр тоқсан сайын лимит бекітіп береміз. 1 қазаннан бастап төртінші тоқсанның лимиті басталды.

Қазір 7 банк ипотекалық несие береді. Бүгін алғашқы банк өтінімді қабылдады. Әр банктің өтініш қабылдауы ішкі ережесіне сай жүргізіледі. Кейбір банк өтінішті қағаз жүзінде қабылдаса, енді бірі онлайн жүргізеді. Биыл бір мезетте 13 мың адам онлайн өтініш берген. Олардың бәрі бірдей қанағаттандырыла бермейді. Қаржылық лимит бар, сондықтан оның ішінде қанша адам уақыт тізбегіне сай үлгереді, сонша адамның өтініші қарастырылып, несие беріледі", - деп айтты Айбар Олжаев.

Сонымен қатар Айбар Олжаев биыл өтініш беріп, алайда үй ала алмаған адам келесі жылы бағдарлама бойынша ипотека рәсімдеуге қайта құжат өткізе алатынын айтты.

"Шектеу жоқ. Іліге алмаған адам кез келген уақытта қайтадан өтініш бере алады. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап өтінішін қайта жазады.

Бағдарлама 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бағдарлама шартына келсек, ешқандай өзгеріс жоқ. Тек бір-ақ рет қатысуға болады.  Жеті жылдық пайызбен 25 жылға дейін ипотекалық несие алады. Алғашқы жарна үйдің бағасының 20 пайызын құрайды. Бағдарлама 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар оның шартын жақсы меңгеріп алды, сондықтан сұранысқа ие. Бір жылда 6 мың адамға ипотекалық несие беріледі", - деді Айбар Олжаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2040613-7-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasy-boiynsa-otinim-qabyldau-bastaldy/

pixel