Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Базалық ставка туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық Банкі
Фото: "Қазақстан Ұлттық Банкі" ММ

Базалық ставка туралы не білеміз? Мұны қатардағы азаматтарға жіті түсіну қаншалықты маңызды? Жалпы базалық ставка туралы біліп жүру қаржылық мәселелерді шешуде көмектесе ме? Осы мақалада көпке күрделі болып көрінетін түсінікті қарапайым тілмен түсіндіреміз.

Бүгінде қоғамда несие алып, депозит ашпаған азамат кемде-кем. Демек біздің күнделікті өміріміз базалық мөлшерлемемен тығыз байланысты. Өйткені базалық ставка кредит пен депозиттердің пайыздық сыйақы мөлшерлемелеріне тікелей ықпал етеді.

Базалық ставканың деңгейі әрдайым өзгеріп тұрады. Оны алдын-ала жоспарға сәйкес, еліміздегі монетарлы билік – Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі арнайы комитеті бекітеді. Мәселен, базалық ставка бойынша соңғы шешім 6 қазанда жарияланған. Оның деңгейі 16,00% құрады. Ал ауытқу коридоры +/– 1 п.т.

Базалық ставка Ұлттық банкке не үшін қажет? Енді осыны анықтап көрейік. 2020 жылы пандемияға байланысты бүкіл әлемде тауар жеткізу ісі тоқтап қалып, қымбатшылық күрт артып кетті. Осындай кризистік ахуалда Ұлттық банк елдегі инфляцияны реттеу мақсатында базалық ставканың функциясына жүгінеді. Оған дәлел, Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,4% болған, ал былтыр ол 20,3 пайызға дейін бірден өсті. Себебі классикалық экономикалық теорияға сай, инфляция тым өршіп тұрғанда орталық банктер базалық ставканы жоғары деңгейде ұстауы тиіс. Сәйкесінше, біздің Ұлттық банк те былтыр жыл соңында ставканы 14 пайыздан бірден 16,75 пайызға көтерді. Оған, әрине, себеп бар. Ақша көлемі көрсетілетін қызмет пен тауардан көбірек болса, инфляция нығая түседі.

Нарықтағы осы ақша массасын қаржы саласында "өтімділік" деп атайды. Ал егер базалық ставка жоғары болса, онда коммерциялық банк депозиттерінің де сыйақысы жоғары белгіленеді. Мысалы, қазір базалық ставка 16% кезінде, банк депозиттері өз клиенттеріне қысқамерзімді салымдарға орта есеппен 16,8% ұсынып жатыр. Осы орайда банк депозиттеріне ақшаны салу және жинақтау өте тиімді. Неге десеңіз, барлық өтімділік депозиттерге ауыса бастайды. Содан соң нарықта "басы бос" ақша азаяды.

Нәтижесінде, тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі баяулап, инфляция қалпына келеді. Ал орталық банктің келесі қадамы базалық ставканы төмендетуге бағытталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2040920-bazalyq-stavka-turaly-ne-bilemiz/

pixel