Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарынан несие алатындар саны күрт өсті

Опубликовано:

10 мың теңегелік купюралар
10 мың теңегелік купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарызға батқан қазақстандықтар көбейіп барады. Сарапшылар жоғары пайызбен несие беретін микроқаржы ұйымдарына талапты қатаңдатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Екінші деңгейлі банктердегі мөлшерлеме ең көбі 56 пайызбен ғана шектелсе, ал шағын қаржы ұйымдарында 150 тіпті 300 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Әрі аталмыш ұйымдардан қарыз алушының төлем қабілеттілігіне ешкім басын қатырмайды. Соның кесірінен қазір бақандай 1 миллионға жуық отандасымыз микроқаржы ұйымдары алдындағы несиесін жаба алмай әлекке түскен.

Алматылық Денис Иванов банктерден несие ала алмаған соң, кезінде микроқаржы ұйымдарына жиі жүгінетін.

Бірақ аталмыш ұйымдағы соңғы қарызын әлі күнге дейін төлей алмай жүр. Айтуынша, азғантай ғана алған несиесі қас-қағым сәтте екі есе өсіп шыға келген.

"Пайызы күнненкүнге өсіп бастады. Жалақым жетпей кетті. Сөйтіп, мүлде төлемей кеттім. Қазіргі қарызым 158 мың теңге. Енді осыдан кейін мүлде жоламаймын", - дейді ол.

Қарызын кешіктіріп жүргендердің саны миллионнан асады. Осы тұста микроқаржы компанияларының өз несиелерінің үстінен 150 пайызға дейін қосуға рұқсат етілгені сарапшыларды таң қалдырып отыр.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, еліміздегі микроқаржы ұйымдарының саны 250-ге жеткен. Өйткені банктермен салыстырғанда мұндай компанияларды ашуға көп құжат қажет емес. Лицензия да алу жеңіл дейді экономистер. Сондықтан талаптарды күшейту керек деп санайды.

"Менің ойымша, бұл уақытша. Өйткені заңнамалық тұрғыдан біздің базамыз жетілдіріліп жатыр. Дегенмен кез келген микроқаржы ұйымы қарыз алушылардың барлық құқығын ескере отырып жұмыс істейтініне 100 пайыз кепілдік жоқ. Адамдардың не үшін шағын қаржы ұйымдарына ағылатынын анықтап, шешу керек. Менің ойымша, жарнамасын қысқартқан дұрыс", - дейді экономист Степан Шрамко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2041624-qazaqstanda-mikroqarzy-uiymdarynan-nesie-alatyndar-sany-kurt-osti/