Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жағдайда шоттар бұғатталады: Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көбіне кәсіпкерлер аз ғана қарыз сомасы үшін банк шоттарының бұғатталғанына шағымданады. Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті қандай жағдайда шоттар бұғатталатынын және алдағы уақытта бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, Cалық кодексінің 19-бабына сәйкес салық органдары банктік шоттарға тыйым салуды 6 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы – 20 700 теңге) астам салық берешегі бойынша жүргізеді. Яғни 6 АЕК-тен аз салық қарыздары үшін шоттар бұғатталмайды.

Алайда әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз 1 теңгеден асса, онда банк шоттары бұғаттала бастайды.

"Өйткені бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып саналады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау аясында мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайтын салық берешегі мен әлеуметтік төлемдердің шекті сомасын арттыру бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу қарастырылуда.

Сонымен қатар комитет кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарды бұғаттауға жол бермес үшін шоттар бойынша берешек сома шегінде шектеулер енгізу ұсынылып отырғанын атап өтті. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамаға түзетулер енгізілсе, банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесі де шешілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2041774-qandai-zagdaida-sottar-bugattalady-memlekettik-kirister-komiteti-tusindirdi/

pixel