Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір аптада жұмыртқа айтарлықтай қымбаттап кеткен

Опубликовано:

Жұмыртқа
Жұмыртқа. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

10-17 қазан аралығындағы Қазақстанда І санаттағы жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 1,4 пайызға өскен. Мұндай көрсеткіш 2022 жылғы қарашаның басынан бері яғни, бір жылға жуық уақыт бойы байқалмады, деп хабарлайды Telegram-дағы DATA HUB арнасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйеніп.

Жұмыртқа бағасы кей өңірлер рекордтық көрсеткішке жеткен. Әсіресе, Атырауда жұмыртқа айтарлықтай қымбаттаған.

Мысалы, Атырауда, бір аптада жұмыртқа бағасы 8,2 пайызға, Ақтөбеде – 4,4 пайызға, Жезқазғанда – 3,3 пайызға, Қызылордада – 3,1 пайызға өскен. Алматыда жұмыртқаның бағасы 1 пайызға, Шымкентте 0,5 пайызға көтерілген. Ал Астанада соңғы аптада өзгермеген.

Жалпы нәтиже Атыраудағы жұмыстқа бағасының күрт өзгеруіне байланысты орын алған. Атырау қаласында осымен екінші рет жұмыртқаның күрт қымбаттағаны тіркеліп отыр. Бұған дейін 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында жұмыртқа бағасы 6,8 пайызға өскен.

Сарапшылардың пікірінше, Атырауда жұмыртқа бағасы өндірістің құлдырауына байланысты өсіп жатыр. Облыстағы өндіріс көлемі былтырғы жылдың барлық үш тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеп, 9 айдың қорытындысы бойынша 73 пайызға қысқарған.

"Атырау қаласындағы жалғыз құс фабрикасында пандемиядан кейін қиындықтар туындаған. Ал қазір облысқа жұмыртқа басқа өңірлерден және Ресейден әкелінуде. Тасымалдаушылар қазір Ресейден жеткізу оңай емес екенін айтады. Мұның бәрі бағаға әсер етеді", - дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2041832-elimizde-bir-aptada-zumyrtqa-aitarlyqtai-qymbattap-ketken/

pixel