Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда асыраушысынан айырылған адамдардың жәрдемақысы өседі

Жарияланған күні:

Ақшасын санайын деп жатқан қыз
Ақша санау. Көрнекә фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.

Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Қазақстан Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2041970-qazaqstanda-asyrausysynan-aiyrylgan-adamdardyn-zardemaqysy-osedi/