Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның инвестициялық қорының" құны 63,3 млрд теңге акциясы "Бәйтерек" меншігіне қайтарылды

Опубликовано:

Ер адам ақша ұстап отыр
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында.

"Бәйтерек" "ҰБХ" АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның 100 пайыз акциясын қайтару қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу басталған кезде қордың Қазақстанның даму банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған.

Агенттік қабылданған шаралар бойынша соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен берешек үш есеге төмендетілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар агенттік 12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылғанын атап өтті.

"Бұл металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия.

ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік "Dosjan Temir Joly" АҚ-ны жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылғанын мәлім етті.

ҚМА ақпаратынша, кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2042199-baiterekke-quny-633-mlrd-tenge-bolatyn-akciya-qaitaryldy/

pixel