Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа iPhone сатып алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек

Опубликовано:

iPhone 15 Pro
iPhone 15 Pro. Көрнекі фото: Firdous Nazir /Eyepix Group/Future Publishing via Getty Images

Қазақстандағы жаңа iPhone 15 Pro бағасы шамамен 715 мың теңге тұрады. Picodi порталының сарапшыларының мәліметінше, ел тұрғыны жаңа гаджетті сатып алу үшін 51 күн жұмыс істеп, ақша жинауы керек.

АҚШ-та 128 гигабайттық жаңа iPhone 15 Pro 999 доллар тұрады. Сарапшылардың пікірінше, бұл баға кей штаттарда ғана белгіленген, салыққа байланысты қымбатырақ болуы да мүмкін.

Ал елімізде iPhone 15 Pro негізгі комплектациясының құны 714 990 теңгеге бағаланып отыр, яғни, қазіргі валюта бағамы бойынша шамамен 1 503 доллар.

2023 жылдың екінші тоқсандағы Қазақстандағы орташа жалақымен, яғни 365 мың теңгемен (міндетті төлемдерді шегергеннен кейін 294 308 теңге) есептейтін болсақ, 128 гигабайттық iPhone 15 pro алу үшін ел тұрғыны 51 күн жұмыс істеу керек болады. Алайда тұрғын жалақы сомасының барлығын жаңа гаджетке деп жинаған жағдайда ғана 51 күнде қол жеткізе алады.

Apple-дің жаңа өнімін сатып алу үшін бір адамның қанша күн жұмыс істеу керектігі көрсетілген әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 16-шы орында тұр.

Ресей бұл рейтингте 17-ші орында, iPhone 15 Pro телефонын сатып алу үшін ресейліктерге шамамен 46 күн жұмыс істеу қажет.

Рейтингте көрсетілген мәлімет бойынша жаңа гаджетке Молдова азаматтары 57,9 күн, гүрлжіліктер 58,2 күн, Армения азаматтары 62,8 күн, Беларусь азаматтары 68,4 күн, әзербайжандықтар 75,9 күн, украиналықтар 81,5 күн, өзбекстандықтар 86,6 күн, қырғызстандықтар 91,8 күн және тәжікстандықтар 162,9 күн еңбек етіп, қол жеткізеді.

Сарапшылар мәліметінше, Аргентина тұрғындарға iPhone 15 Pro алу үшін ақшаны ұзақ уақыт жинауға тура келеді. Негізгі комплектациядағы жаңа гаджетті сатып алу үшін бір аргентиналық шамамен 286 жұмыс күн еңбек етуге тиіс.

Жаңа iPhone-ға Швейцарияда небәрі 4,2 күн, АҚШ-та 5,3 күн, Катарда 6,3 күн жұмыс істеп қол жеткізуге болады.

Соңғы жылдары Қазақстандағы орташа жалақы айтарлықтай өскен. Мысалы, қазақстандықтар 2018 жылы iPhone-ға 86 күнде қол жеткізе алса, ал 2022 жылы 58,5 күн жұмыс істеп жаңа гаджет алу мүмкін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2042548-qazaqstanda-zana-iphone-satyp-alu-usin-qansa-kun-zumys-isteu-kerek/

pixel