Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі Ұлттық қордан балаларға алғашқы қаржы қашан беріле бастайтынын айтты

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған қыз бала
Ақша ұстап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметі aлаңында "Ұлттық қор — балаларға" жобасы аясында алғашқы төлемдер қашан жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер "Ұлттық қор — балаларға" жобасы аясында балаларға алғашқы қаржы қашан берілетінін сұраған. Бұл сауалға Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді.

"Алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанында жүзеге асырылады. Бағдарлама биылғы жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бір балаға шаққанда қанша сома шығатынын анықтау үшін бір ай есеп жүргізу керек.

Бұл қарапайым арифметика: 18 жылдық инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар санына бөлінеді. Осылайша бір балаға шаққандағы соманы анықтауға болады. Есептеулер келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі", — деді Дәурен Темірбеков.

Сондай-ақ оның айтуынша, 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толған қазақстандықтар "Ұлттық қор — балаларға" жобасы аясында жиналған ақшасын алу үшін электронды платформа арқылы өтініш бере алады.

"Барлығына да бір соманы беріледі: 17-ге толғандарға да, бір жастағыларға да", — деп сендірді спикер.

Сонымен қатар Қаржы вице-министрі "Ұлттық қор — балаларға" жобасы аясында 18 жасқа дейін балалардың шотына түсетін сома мөлшері 3,5 мың долларды құрауы жинауы мүмкін бе, жоқ па деген сауалға жауап берді.

"Бұл сома 2000 жылы Ұлттық қордың есеп-қисабы мен тарихи деректеріне сүйене отырып есептелген. Ал тарихи табысты алатын болсақ, жалпы сома шамамен 3,5 мың долларды құрайды.

Бірақ мұндай сома 18 жылдың ішінде жиналады деп сеніммен айтуға болмайды. Одан да көп жиналуы мүмкін. Біз оны ұлғайту үшін бар күшімізді саламыз. Ұлттық банк жобаны басқарып, тиімділікті арттыру бағытында жұмыс жасап жатыр.

Бұл ақша "өлі салмақ" болып жатпайды. Келесі жылы есептелетін барлық қаражат инвестицияланады. Сондай-ақ жинақтың үстіне инвестициядан кіріс түсіп, Ұлттық қорда доллармен сақталады. 18 жасқа толған азамат бұл соманы өзінің арнайы есепшоты арқылы теңгемен алуға құқылы. Ал оған дейін ақша Ұлттық қорда доллармен сақталады", — деп жауап берді вице-министр сауалға.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың мәліметіне сүйенсек, зейнетақы активтері экономиканың нақты секторы үшін жұмыс істейді, ал қаражат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларға инвестициялануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2042625-qarzy-ministrligi-ulttyq-qordan-balalarga-algasqy-qarzy-qasan-berile-bastaitynyn-aitty/

pixel