Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас көлік прокуратурасы: Екі мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау қызметі аясында бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.

"Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.

Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін "№3 Sk автовокзал паркі" ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген.

Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған", - делінген хабарламада.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді.

Ведомство мәліметінше, көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды.

Бас көлік прокуратурасы мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2042770-bas-kolik-prokuraturasy-eki-mynnan-astam-kasipkerge-24-mlrd-tenge-qaitarylady/

pixel