Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатыны анықталды

Опубликовано:

Ақша ұстаған ер адам
Ақша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы елімізде қай жастағы азаматтар ең жоғары жалақы алатынын анықтап, зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының зерттеу мәліметіне қарағанда, елімізде ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жасқа дейінгілер алады екен. Бұл – 356 082 теңге.

Одан кейінгі жас аралығы – 45-тен 54 жасқа дейінгілер. Бұл жастағылардың орташа табысы 330 626 теңге. Ең жоғары өсім 45-тен 54 жасқа дейінгі санатта – 20,7 пайыз, ең төменгі өсім 65-тен 74 жасқа дейінгі санатта – 10,7 пайыз тіркелген.

Ұлттық статистика бюросы келтірген кесте
Ұлттық статистика бюросы келтірген кесте. Фото: stat.gov.kz

Ал ең аз жалақыны 16-дан 24 жастағы қызметкерлер алады екен – 223 165 теңге.

Статбюро жалақыға қатысты басқа да көрсеткіштерді жариялады. Мысалы, Қазақстанда кейінгі 5 жылда орташа жалақы 1,9 пайызға өскен, бұл ретте әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жылдам қарқынмен өскені айтылады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы 309 867 теңгеге жетіп отыр, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,8 пайызға артық, нақты мәнде жалақы 7,6 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге мөлшерінде белгіленді.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтеруді тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2042822-qazaqstanda-qai-zastagy-azamattar-en-zogary-zalaqy-alatyny-anyqtaldy/

pixel