Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда студенттер мен мектеп оқушыларына қаржы сауаты үйретіле бастайды

Опубликовано:

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрі үкімет отырысында Қазақстан мектептері мен ЖОО-ларында қаржы сауаты курстарын енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың шамадан тыс несие алу көрсеткішін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шараларды түсіндірді.

Оның сөзінше, проблемалардың бірі – азаматтардың қаржы сауатының жоғында.

"Бүгінгі таңда ЖОО студенттеріне қаржылай сауат курстарын енгізу пысықталды. Оқушыларға арнайы курс әзірленіп жатыр. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары әзірленеді. Нәтижесінде осы бағыт аясында 550 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарланып отыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2043327-qazaqstanda-studentter-men-mektep-oqusylaryna-qarzy-sauaty-uiretile-bastaidy/

pixel