Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамаубаев банкроттыққа берілген өтінімдердің 80 пайызы неліктен қайтарылғанын айтты

Опубликовано:

Есеп жүргізіп отырған адам
Есеп жүргізіп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында жеке тұлғалар банкроттығына өтінімдер неге қанағаттандырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың шамадан тыс несие алу көрсеткішін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шараларды айта келе, жеке тұлғалар банкроттығына қанша өтінім берілгенін айтты.

"2023 жылдың 3 наурызынан бастап 70 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 80 пайызы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзіміндегі сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу", - деп мәлімдеді министр.

Банкроттыққа берілген өтінімдер статистикасы
Банкроттыққа берілген өтінімдер статистикасы: Үкімет отырысында көрсетілген кесте

Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 миллиард теңгеден астам борыш сомасына 6,4 мың азамат банкрот деп танылған.

Министр жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергі салдарынан банкроттық рәсімді кеңінен қолдана алмай отырғанына тоқталды. Сондықтан, ол заңнамалық өзгерістерді ұсынды.

"Біріншіден, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімін кеңейту. Екіншіден, азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату. Үшіншісі – төлем қабілетін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін, борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау. Қазіргі таңда бұл нормалар депутаттармен және тиісті мемлекеттік органдармен пысықталуда", - деді Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2043334-zamaubaev-bankrottyqqa-berilgen-otinimderdin-80-paiyzy-nelikten-qaitarylganyn-aitty/

pixel