Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік сатып аларда оның жол апатына түскен-түспегенін әрі иесі жайлы ақпаратты қалай тексеруге болады

Опубликовано:

жеңіл көлік
Жеңіл көлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қолданылған автокөлікті сатып алмас бұрын оның техникалық жағдайы мен жалпы тарихы туралы ақпаратты нақтылаған жөн. Осылайша сатылымға шығарылған көліктің бағасы өзіне қаншалықты сай екенін білуге болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Көлікке қызығатын қазақстандықтар көбіне жаңа көліктердің құны тым жоғары болғандықтан, қолданылған көлік нарығына бет бұрады.

Дегенмен пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын мынадай тәуекелдерді ескерген жөн:

  • әуелі ескі көлікте көбіне кепілдік болмайды. Яғни ол істен шыққан жағдайда, көліктің жөндеуіне өз қалтаңыздан қаражат шығаруға мәжбүр боласыз;
  • көлік құралының техникалық жағдайын тексеру қиынға соғуы мүмкін;
  • сондай-ақ көлік құралының шынайы күйі сатушының ұсынған ақпаратымен ұштаспауы мүмкін (мысалы, көлік жүрген қашықтығының көрсеткіші өзгертілуі ықтимал).

Сондай-ақ қолданылған көлікті сатылымға шығарғандар көбіне сатып алушыларды қызықтыру мақсатында көлік құралында бір немесе әрі кетсе екі иесі болғанын атап өтуі мүмкін. "Казахстан подешевле" Telegram арнасы жазуынша, кез келген азамат бұл ақпаратты өзі тексере алады.

Көлік туралы толық ақпаратты қалай тексеруге болады?

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, кейбір банктердің мобильді қосымшаларында көлік тарихын тексеру функциясы бар.

Ол үшін "Мемлекеттік қызметтер" тарауында "Автокөлікті пайдалану тарихы" қызметін табу керек. Кейін іздеу жолағы арқылы өзіңізге керекті көлікті табу үшін мынадай қажетті деректерді толтыру керек:

"Бұл есептің ішінде көліктің Қазақстан Республикасында алғашқы тіркелген күні, ортақ меншік иелерінің болуы, тіркелген жері туралы, сонымен қатар автокөлік жайлы мәліметтер әрі көлікке толық иелік етуге байланысты тыйымдар сияқты т.б. деректер көрсетілген", – делінген дереккөз хабарламасында.

Көліктің жол апатына түскенін анықтауға бола ма?

Оған қоса қазақстандықтар "Мемлекеттік қызметтер" тарауында сатып алғысы келетін көліктің қатысуымен болған барлық жол-көлік оқиғасының тарихын тексеруге құқылы.

Ол үшін "Сұраулар" тарауына өтіп, "Сақтандыру шарттары туралы ақпарат" тармағын таңдау керек. Содан соң "Сақтандыру полисі" қызметіне өту қажет. Бұл функция көлікте сақтандыру төлемдерінің бар-жоғын анықтауға көмектеседі.

Сақтандыру бойынша төлемдер жасалғаны – көлік жол-көлік оқиғасына тап болғанын білдіреді.

Осылайша қолданылған көлікті сатып аларда өзіңізді кей тәуекелдерден қорғау үшін сатушының ұсынған ақпаратын нақтылай аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044273-kolik-satyp-alarda-onyn-zol-apatyna-tusken-tuspegenin-ari-iesi-zaily-aqparatty-qalai-tekseruge-bolady/

pixel