Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Валюталық нарықта интервенция не үшін қажет: Ұлттық банк сарапшысының пікірі

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының ұлттық валюталары
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

NUR.KZ Ұлттық банк сарапшыларымен бірге арнайы жобаны қолға алды. Жоба аясында реттеуші органның мамандары күрделі экономикалық терминдерді «қарапайым тілде» түсіндіретін болады.

Қаржылық сауат дегенді қалай түсінесіз? «Шығын мен кірісті есептеп, несиенің қыр-сырын түсінсең, депозитке ақша салсаң, болғаны» дерсіз. Ал сіз «төлем балансы», «инфляция немесе интервенция мақсаты» деген сияқты бір қарағанда «ми қабылдай бермейтін» қаржы саласының қиын тақырыптары біздің күнделікті өмірімізге қалай әсер ететінін білесіз бе?

Ең алдымен интервенциядан бастайық. Интервенция – валюта нарығының нарықтық жұмысына араласу. Орталық банктер неліктен және қай кезде мұндай қадамға баратынын түсіндірейік.

Бұл, негізінен, шұғыл қабылданатын шара. Ол белгілі бір ел сыртқы геосаяси жағдайға немесе әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне байланысты қаржылық дағдарысқа тап болған кезде қолданылады. Мұндай жағдайда ұлттық валюта қысымға ұшырап, құны күрт төмендеуі мүмкін. Әсіресе, егер бұл біздің еліміз сияқты экономикасы дамып келе жатқан ел болса. Валютасын одан әрі құнсыздандырмау үшін және экономиканы тұрақтандыру үшін орталық банк валюта интервенцияларын жүргізеді.

Біздің алғашқы сарапшымыз – Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин интервенция ұғымын бүге-шігесіне дейін түсіндіріп береді.

Толығырақ бейнежазбадан көріңіз:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044455-valyutalyq-naryqta-intervenciya-ne-usin-qazet-ulttyq-bank-sarapsysynyn-pikiri/

pixel