Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қызу талқыға түскен жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша
Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде "9-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны туралы ақпарат таралуда. Алайда әзірге ол іс жүзінде жұмысын бастаған жоқ. Ұсынылған ипотеканың қандай артықшылықтары мен шарттары бар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде "9-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы ақпарат тарата бастады. Болжамды жаңа тұрғын үй бағдарламасында мынадай шарттар болуы ықтимал:

  • жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9 пайыз;
  • бастапқы жарна мөлшері – тұрғын үй құнының 20 пайызын құрауы мүмкін;
  • ипотека алу мерзімі – 25 жылға дейін болуы мүмкін.

Бұл болжамды ипотекалық бағдарлама қолданыстағы "7-20-25" бағдарламасының баламасы болып саналады, яғни бұл ақпарат расталған жағдайда аталған ипотекалық бағдарлама қазақстандықтарға тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектесуге тиіс. Сонымен қатар Finance.kz Telegram арнасы дерегінше, кей ипотекалық брокерлер тіпті алдын ала өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаған.

Алайда шын мәнінде жаңа ипотеканың іске қосылатыны туралы ақпарат сенімсіз болып шықты.

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр ма

"Отбасы банк" баспасөз қызметі хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Яғни, жаңа ипотекалық бағдарлама әзірге іске қосылған жоқ, оны тек әзірлеу жоспарланып жатыр.

Бұл ретте банк қазақстандықтарға тиімді несие ұсынудың басқа да жолдарын қарастыруда.

"9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы әзірге болжамды құралдардың бірі. Қазір бұл жоба тек әзірленіп жатыр: банк сарапшылары тиісті есептеулерді жүргізіп, шарттарды талқылауда.

Жоба мақұлданса, "Отбасы Банк" қазақстандықтарға хабарын беріп, толық ақпарат ұсынады", – деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.

Tengenomika Telegram арнасы сарапшыларының пікірінше, мұндай бағдарламаның басталғаны туралы ақпарат жалған болып шығуы мүмкін.

"Бұл қауесетті құрылыс (компанияларының – ред.) лоббиі шығаруы мүмкін, оларға мұндай жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалар тиімді, себебі өздерінің өніміне деген сұранысын арттырады", – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы үшін 100 миллиард теңге көлемінде белгіленген шектеу мен зейнетақы жинағын алуға көмектесетін жаңа бастамалардың тапшылығы тұрғын үй бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныстардың төмендеуіне әкеліп соққан.

Мысалы, бұған дейін Қазақстанның мегаполистеріндегі пәтерлердің бағасы төмендеп жатқаны хабарланған болатын.

Алайда сарапшылардың пікірінше, тағы бір ипотекалық бағдарлама іске қосылса, тұрғын үй нарығындағы жағдай қайтадан нашарлауы мүмкін.

Жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу қаншалықты тиімді

Tengenomika Telegram арнасының сарапшылары жаңа ипотекалық бағдарламаларды іске қосу бойынша бастамалар жылжымайтын мүлік нарығына кері әсерін тигізіп, қазақстандықтар үшін пәтерлердің бағасын күрт төмендетуі ықтимал екенін атап өтті.

"Негізі соңғы жылдары мұндай ипотекалық бағдарламалардың салдарынан Қазақстандағы баспана құны күрт өскенін еске салғым келеді. Мұндай бағдарламалар азаматтар үшін тұрғын үйді қолжетімді етудің орнына, керісінше, пәтер алуды қиындата түседі", дейді сарапшылар.

Бұл ретте бұған дейін құрылыс компаниялары тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағын шешіп алуды ұсынатын бағдарламалар, керісінше, тұрғын үйлердің құнын төмендеткенін айтқан еді.

Яғни "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылуы туралы ақпарат сенімсіз болып шықты. Бұл бастама әзірге тек әзірлену үстінде және жай ғана алдын ала есептеулер жүргізіліп жатыр.

Сондықтан аталған ипотекалық бағдарлама нақты қашан іске қосылатынын болжап айту мүмкін емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044712-elimizde-qyzu-talqyga-tusken-zana-ipotekalyq-bagdarlama-qasan-iske-qosylady/